«Алматы облысындағы ЖКО жапа шеккен екі қыз және олардың анасы 33 жастағы әйел «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қызметкері болып шықты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ оның емделуіне және ары қарай сауығып кетуіне барлық қажетті, соның ішінде материалдық көмек көрсетеді», делінген хабарламада.
Компанияның хабарлауынша, жапа шегуші Алматы локомотив пайдалану депосында есепші болып жұмыс істейді, оның теміржол көлігіндегі жұмыс өтілі – 14 жыл. Отбасы туыстарында өткізген демалыстарынан үйлеріне қайтып келе жатқан. Пойызбен соқтығысқанға дейін автобус жолаушылары салонды артқы есік арқылы тастап шыққан. Қолында қыздары ұйықтап жатқан Элмира автобустан шығып үлгере алмапты. Қазір жапа шегуші Қаскелен қаласындағы орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның қыздары жабық бас сүйек-ми жарақаттарын алған. Әйелдің өзінің - бас миы шайқалып, жарақаттық шок алып, оң қолы, бұғанасы, қабырғасы сынған.
Әріптестері оған және қыздарына ертерек сауығып кетуін тілейді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ арнайы комиссиясы оқиға орын алған жерге шығып кетті. Компания басшылығы жапа шегушінің жағдайын білу үшін ауруханаға барған.
«Біз емдеуші дәрігерлермен сөйлестік, олар жапа шегушілердің денсаулығының ауырлығын айтты. Дәрігерлер олардың сауығып кетуі үшін барлық мүмкіндікті қолданатын болады. Компания жапа шегушілердің емделуіне және ары қарай сауығып кетуіне жәрдемдеседі және барлық қажетті көмек көрсететін болады», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев.