• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 17 Қыркүйек, 2019

Мәжілісте күн тәртібі нақтыланды

158 рет
көрсетілді

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары Украинамен экстрадициялау туралы шартты ратификациялауға қатысты заң жобасын талқылайтын болады. Онда уағдаласушы мемлекеттер Шарттың талаптарына сәйкес ұстап беруге әкеліп соғатын қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындау мақсатында сұрау салушы тарап іздестіріп жатқан өзінің аумағындағы адамдарды екінші тарапқа ұстап беруге міндеттенеді.

Палата дене шынықтыру жә­не спорт мәселелеріне қатысты түзе­ту­лерді екінші оқылымда қарайды деп кү­ті­луде.

Алдағы жалпы отырыста газ және газбен жабдықтауға қатысты заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімі бекітілмек.