• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қыркүйек, 2019

Қазақстанда 270 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

216 рет
көрсетілді

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 270,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды, яғни жылдық жоспардың 72,6% (373 мың), оның ішінде ауылдық жерлерде 115,2 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы құрылған жұмыс орындарының 182,5 мыңы – тұрақты жұмыс, 88,3 мыңы – уақытша жұмыс орындары.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша құрылған жұмыс орындарының ең көп саны көтерме-бөлшек сауда саласына тиесілі – 32 мың, құрылыста – 30 мың, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 24,8 мың.

Жұмыс орындарының ең көп саны Алматы қаласында (33,6 мың), Алматы (27,9 мың) және Маңғыстау (22 мың) облыстарында құрылды.

Ең аз мөлшері Қызылорда (8,7 мың), Батыс Қазақстан (9,8 мың) және Ақмола (9,4 мың) облыстарында құрылды.