• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2019

«Сенім» кәсіподағы тұрғын үй сертификаттарын табыстады

355 рет
көрсетілді

Көкшетау қалалық көп бейінді ауруханасы және қалалық емхана қызметкерлеріне «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан тұрғын үй сертификаттары табыс етілді.

Мұндай игілікті істің шарапатын көрген жандардың бірі Көкшетау қалалық көп бейінді ауруханасының мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджері Әсем Қапарова. Денсаулық сақтау саласында төрт жылға жуық еңбек етіп келе жатқан ол «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы ашылған күннен бастап осы ұйымға тіркеліпті. «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін аталған салалық кәсіптік одақтың Ақмола облыстық филиалының төрағасы Серік Кәкенов Әсем Қапароваға 1 312 000 теңгенің сертификатын салтанатты жағдайда табыс етті. Жалпы, бүгінгі таңда облысымыз бойынша кәсіподақтың үй кезегінде 76 медицина қызметкері тұр.

– Біздің кәсіподақ медицина саласы мамандарын баспанамен қамтылуына көмектесу мақсатында банкке үйдің алғашқы 20 процент жарнасын салу үшін сертификаттар беру ісін қолға алдық. Биыл облыстық балалар ауруханасының және №1 Көкшетау қалалық емханасының екі қызметкеріне осындай сертификат табыс еттік, – дейді Серік Кәкенов.

Тұрғын үй сертификаттарынан бөлек медицина мамандарына 500 мың теңге көлемінде қайырымдылық сертификаттары берілді. Таяуда медицина саласының қызметкерлеріне тағы он қайырымдылық сертификаттары тапсырылмақ.

Сондай-ақ бұл күні Көкшетау қалалық емханасының бөлімше меңгерушісі, гастроэнтеролог дәрігері Марал Ғизатоваға 2 250 000 теңгенің сертификаты берілді. Игілікті іс әлі де жалғасын табады.