• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2019

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының үшінші облыстық слеті өтті

1220 рет
көрсетілді

Жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында Зеренді ауданының «Парус» демалыс орталығында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының үшінші облыстық слеті өтті.

Іс-шараны Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық ішкі саясат және білім басқармалары ұйымдастырды. Екі күнге созылған слетке облыстың 19 өңірінен жиналған 100-ден астам оқушы қатысты. Олардың ішінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері мен оқушылар арасындағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қалалық және аудандық конкурстардың жеңімпаздары бар. Сонымен қатар «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының аудандық және қалалық қоғамдастықтарының басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың өкілдері қатысты.

Слеттің бағдарламасы өте қызықты болды. Шараның алғашқы күнінде облыстың барлық мектептерінде ашылған парасаттылық және адалдық мектептерін қолдауға бағытталған «Жарқын болашақ» атты би марафоны өтті. Бұдан кейін оқушылар топтарға бөлініп «Адал жол» квест-ойынына қатысты. «Адал ұрпақ» клубтарының «PechaKucha» форматындағы презентациялық жобаларды таныстыру рәсімі, спорт жарыстары, коуч-бапкерлердің және менторлардың қатысуымен шеберлік сағаттар өткізілді. Қатысушыларға «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының үшінші облыстық слетіне қатысқаны үшін арнайы сертификаттар табысталды.

 

Ақмола облысы