• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қыркүйек, 2019

Қарулы күштердің «әскери жүзгіштері» машықтылықтарын лагерлік жиындарда арттыруда

191 рет
көрсетілді

Атырау облысының Жайық өзені бойында арнайы мақсаттағы әскери қызметшілердің онкүндік лагерлік жиыны барысында судағы объектілерге диверсия ұйымдастыру сұрақтары пысықталды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем  Игисинов хабарлады.

Оқу жиындардың барысында әскери қызметшілер жеке және топ құрамында тапсырмаларды орындау, жүзу техникасын жақсарту, су бетіндегі жауынгерлік даярлықты жетілдіру және арнайы техника мен қару-жарақтарды қолдану кезіндегі машықтылықтарын арттырды.

Практикалық сабақтар Атырау қаласының маңындағы Жайық өзені бойында өткізілді. Аталмыш жиындардың басты басымдылықтары ретінде «Ротан» үрмелі қайығын қолдану, топтың қарсылас тылына шығу және су арнасы арқылы объектілерге диверсия жасау сұрақтары белгіленді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Жеңіс Мараловтың айтуынша, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы әскери қызметшілері тиісті қару-жарақ пен құрал-саймандарын суда және су астында қолдану, төтенше жағдайларда әрекет жасау және сүңгу жұмыстарының негізін міндетті түрде білулері қажет екендігін айтып өтті.

Жеңіл сүңгуір даярлығы бойынша лагерлік жиындар барысында теориялық және практикалық бөліктер қарастырылған, ал осы жиындардың нұқсаушылары мен жетекшілері Әскери-теңіз Күштерінің базасында ұдайы түрде білімдері мен тәжірибелерін жетілдіріп отырады. Жуырда, «әскери жүзгіштер» Арыс өзенінен 40-қа жуық оқ-дәрілерді алып шыққан болатын.