Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын», делінген хабарламада.