• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қыркүйек, 2019

Cалық қызметшілері сындарлы қоғамдық диалог жайын талқылады

252 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылады.

Жиналыс барысында Жолдаудан туындайтын мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған міндеттерді сапалы және уақытылы орындау туралы айтылды. Сонымен қатар электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін одан әрі көбейту қажеттілігіне және олардың көрсету сапасын жақсартуға ерекше көңіл аударды. 

Сонымен бірге, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев тарапынан Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу ережесі туралы түсіндірме берілді. Бұдан бөлек, Мемлекеттік қызметшілер, әсіресе бақылаушы органдарда қызмет атқаратын мамандар бизнес-қоғамдастықпен қарым-қатынаста этикалық нормалар мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың қандай да бір бұзушылығын заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру немесе біреудің мүдделерін жақтауға жасалған талпыныс ретінде бағалануы мүмкін екендігін нақты түсіну қажетілігін атап өтті.

Кездесу соңында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Төлеген Сарсембаев Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаевқа мазмұнды баяндамасына және қатысушыларға  алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.