2019 жылғы 11 қыркүйекте ШҚО бойынша МКД Бахты кеден бекетінде Қытай Халық Республикасынан Ресей Федерациясына кедендік транзитпен рәсімделіп бағытталған, халық тұтынатын тауарларға қатысты тауарларға кедендік жете тексеру жүргізу кезінде транзиттік декларацияда көрсетілген мәліметтерге тауарлардың сәйкес келмеу деректері анықталды.
Жүргізілген кедендік жете тексеру нәтижесі бойынша декларацияда көрсетілген мәліметтерден 7462 кг салмақта, 314 орын сандық мөлшер қатынасында және құндық мәні 14 459,94 АҚШ долларында айырмашылық анықталды.
Осы дерек бойынша тасымалдаушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 551-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 202 000 теңге сомасында айыппұл өндірілді.