Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясына қатысуға келді деп хабарлайды Хабар24.
Қ.Тоқаев бірнеше мемлекет басшысымен және кәсіпкерлермен кездеседі деп жоспарланған. Бас Ассамблеяның сессиясы қыркүйектің 23-25 арпалығында өтеді.
Бас Ассамблея жиынына 196 делегация, 100-ге жуық мемлекет басшысы, БҰҰ-ға мүше елдердің 80-нен аса үкімет және сыртқы саяси ведомство басшылары қатысады деп күтіледі. Оның жұмысы аясында 630 түрлі кездесу өткізу жоспарланған.
Мемлекет басшысы биылғы "кедейлікті жою үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру, сапалы білім беруді, климаттық іс-қимылдар мен жан-жақты тәсілді ілгерілету" тақырыбында өтетін Бас Ассамблеяның Жалпы дебаттарында, сондай-ақ, тұрақты даму мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумда сөз сөйлейді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, бірқатар елдің мемлекет және үкімет басшыларымен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен, америкалық кәсіптің, трансұлттық компаниялардың, АҚШ саяси және сараптамалық топтарының өкілдерімен кездесулері жоспарланған.