• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Президент 25 Қыркүйек, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президенті Анджей Дудамен келіссөз жүргізді

278 рет
көрсетілді

БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президенті Анджей Дудамен екіжақты келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында мемлекеттер көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары, соның ішінде, Еуропалық Одақ шеңберіндегі қарым-қатынас мәселесі талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясының аясындағы жоғары деңгейдегі Қазақстан-Польша кездесулері игі дәстүрге айналғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданың 2015 жылы қыркүйек айында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен танысқанын, сондай-ақ, Польша көшбасшысының 2018 жылдың қаңтар айында Елбасымен бірге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тақырыптық брифингіне қатысқанын мысалға келтірді.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан мен Варшава арасындағы достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтіп, Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстардың беки түскенін айтты.

– 2018 жылы елдеріміздің арасындағы  екі жақты тауар айналымы 1,2 млрд долларды құрады. Қазақстанда Польшаның 100-ден астам компаниясы белсенді жұмыс істеуде. Біздің қарым-қатынастарымыздың дамуына Қазақстанның Польша азаматтары үшін визалық режимді алып тастауы, сондай-ақ, 2017 жылы Нұр-Сұлтан мен Варшава арасында тікелей әуе қатынасының іске қосылғаны елеулі үлес қосты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дудаға Қазақстанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғанын айтты. Дәл осындай құрылым Польша Президентінің басшылығымен бұл мемлекетте де жұмыс істейді.