• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Президент 26 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысы Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттельмен кездесті

218 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясындағы екі жақты кездесулері Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Бетелльмен келіссөз жүргізумен жалғасты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, бірқатар перспективалы жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударды.

Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ксавье Беттель ғарыш өнеркәсібі, қаржы қызметтері, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы арқылы ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты. Сондай-ақ цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.