Астрофизикаға әуес адамдардың еліміздегі аспан денелерін зерттейтін арнайы орталықтар жайында білуге құмартатыны анық. Сондай ғажайып сырға толы орынның бірі – Алматы облысының аумағындағы Асы-Түрген обсерваториясы.
Аспан денелерін зерттейтін орталық Іле Алатауы аңғарындағы Асы мен Түрген өзендерінің тоғысқан тұсында тұр. Алматы қаласынан 100 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Теңіз деңгейінен 2700 метр биіктіктен зеңгір көкке көз тігіп, жұлдыздардың жарық жолына бақылауға болады. Қазір бұл обсерваторияда мамандар жоғары жылдамдықта жұмыс істейтін бақылау телескопын орнатып жатыр екен.
– Обсерватория бізге ұнады. Мұндағы күмбез Германияда жасалған екен, айнасының диаметрі 1 метр болатын рефлектор орнатылыпты. Бұл Күн мен Айды, Күн жүйесіндегі кіші ғаламшарлар мен метеорлық заттар, жасанды аспан денелері, галактикалардың құрылымдары мен динамикасы, жұлдызаралық орта, жарық және көмескі диффузиялық тұманды зерттеуге мүмкіндік береді, – дейді профессор Брюс Гроссан.
Айтпақшы, профессор Брюс Гроссан – Нобель сыйлығының лауреаты, Назарбаев Университетте Энергетикалық ғарыш зертханасының жетекшісі, әйгілі профессор Джордж Смуттың командасындағы әлемге танымал ғарыш зерттеушісінің бірі. Оның басшылығымен орнатылып жатқан жаңа телескоп ғарыштық гамма-қалқымаларды зерттейтін болады. Аспаптың жылдамдығы әлемдегі ең үлкен ғарыштық жарылыстардың оптикалық сәуле шығару спектрін өлшеуге мүмкіндік береді екен.
Алматы облысы