• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Қыркүйек, 2019

Қазақстан ЕҚЫҰ қызметіне белсенді қатысуды жалғастырады

188 рет
көрсетілді

БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Томас Гремингермен келіссөздер жүргізді.

СІМ басшысы Қазақстан ЕҚЫҰ белсенді мүшесі ретінде ЕҚЫҰ-ның барлық кеңістігінде қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етуде ұйымға барлық мүше мемлекеттермен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін атап өтті. Қазақстанның өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу жөніндегі бірлескен күш-жігерге бейімділігі атап өтілді.

Келіссөздер барысында Т. Гремингер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың инклюзивтік дамудың жаһандық архитектурасын қалыптастыру жөніндегі «Үш диалог» бастамасын жан-жақты талқылады.

Осыған байланысты ЕҚЫҰ мен АӨСШК Еуразия аумағында өзара іс-қимыл бойынша әлеуетін біріктіру ұсынылды. Бейресми пікір алмасу, сондай-ақ осы ұйымдардың жауапкершілік аймақтарында геосаяси жағдайды одан әрі дамыту бойынша «сағаттарды салыстыру» жанасу нүктелерін белгілеуге және болашаққа институтаралық өзара іс-қимыл жоспарын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Бас хатшы Қазақстанның ЕҚЫҰ аясындағы тиімді қызметін атап өтіп, еліміздің өңірлік және халықаралық саясаттағы рөлінің өсуіне назар аударды.