• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Технология 28 Қыркүйек, 2019

Цифрлы әлем: Қазақстандағы кең жолақты интернетті енгізу тәжірибесі

3636 рет
көрсетілді

Цифрлы дәуір өміріміздің сан-алуан бөлігіне енуде, еніп қана қоймай өмірімізге өзінің ережелерін әкелуде. Бұл дегеніміз цифрландырудың мәселесі Қазақстан үшін ғана емес, жалпы жаһандық экономика үшін ерекше маңызы бар сала екендігін дәлелдейді. 

Қазіргі таңда қазақстандықтардың 10 миллионға жуығының ғана ғаламторға байланысы бар.Бұл санның басым бөлігін қалалық жердің тұрғындары құрайды және ауыл тұрғындарының басым бөлігінің әлі күнге дейін шектеусіз мүмкіндіктер әлеміне қол жеткізбегендігін көрсетеді. Әлемдік трендке ілесе отыра, республика экономикасының дамуына ерекше серпін беру және 10 миллионға жуық халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында, Қазақстан 2017 жылы мемлекеттік «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске қосты.

Цифрлық тұңғиық

Ауыл мен қаланың арасындағы цифрлық алшақтықтың арасын ең үздік технологиялар қатарын қолдана келе жылдамдығы жоғары интернетті Қазақстанның шалғайда болса аса жоғары маңызға ие аймақтарына еңгізу арқылы қысқарту, дамыған ақпаратты-байланыс инфрақұрылымының,  негізін қалаушы болып саналады. Келешекте бұл қадам қоғамды,мемлекеттік мекемелерді, жалпы экономиканың барлық салаларын цифрландыратын заманауи, төзімді және бәсекеге қабілетті инфрақұрылымды құрастыруға көмекші болады. ICT Development Index- БҰҰ аясында құрылатын әлемдегі мәртебесі жоғары ақпаратты-байланыс технологияларын даму рейтингінде Қазақстан 2016 жылы 175 мемлекет арасында 52 орында тұрақтаған болатын. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының және де басқа стратегиялық бағыттардың орындалуы нәтижесінде мемлекет аталмыш рейтингте 2022 жылға қарай 30 орынға, 2025 жылға қарай 25 және 2030 жылға қарай 15 орынға көтерілетін болады.  Халықаралық OVUM зерттеулер агенттігінің жүргізген зерттеулері Қазақстанның жылдамдығы жоғары жүйелерді дамыту рейтингінде 65 сатыда екендігін көрсетті. Бұл дегеніміз республиканың ақпаратты-байланыс жүйелерінің көптеген тәуелсіз және дамушы элементтеріне ие бола тұра және Еуразияның дамыған мемлекеттері қатарына енуіне қарамастан, әліде шалғай аймақтарды қамтамасыз ету мақсатында аталмыш салаға қомақты қаржы бөлуін қажет ететіндігін көрсетеді.

Ақпаратты-байланыс технологияларын дамыту индексі (IDI) рейтингінде ТМД мемлекеттері ішінде Қазақстан соңғы 5 жыл ішінде  тұрақты түрде 3 сатыда келеді. Беларусь Республикасы ұлттық стратегияны жүзеге асыру арқылы бұл рейтингте 2013 жылғы 43 сатыдан 2017 жылы 32 орынға тез арада көтерілген еді. Сонымен қатар Беларус үкіметі алдыңғы 30 елдің қатарына келесі 5 жылдың ішінде кіруді жоспарлауда. Алайда болжамдарға сүйенетін болсақ, бұл мақсат ағымдағы жылдың соңына дейін орындалатын тәрізді.

Хуавей компаниясы аталмыш бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда және кеңес беруде теңдессіз тәжірибеге ие. Толыққанды орындалған жобалар Сингапур, Малайзия, Катар, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания және басқа да мемлекеттерде атқарылған. Сондай-ақ компания мамандары Грекия, Мысыр, Ирландия, Таиланд, Түркия елдерінде кеңесші ретінде алдыңғы қатарда болған.

 Бұған қоса, Хуавей Орталық Азияда барлық көшбасшы байланыс операторларымен біріге бірнеше жыл қатарынан еңбек етуде және осы уақыт ішінде өңірдің жетекші ақпаратты-байланыс технологиялары шешімдерінің жеткізушісі ретінде танылуда. Компания орталық азияда мобильді кең жолақты байланыс (2G, 3G, 4G және4.5G), тіркелген дауыстық және кеңжолақты қызметтер (xDSL, FTTH және т.б.), магистральді жолдау,IPTV тәрізді өнім және қызмет түрлерін ұсынады.

Бүгінгі таңда Хуавей барлық планета тұрғынының өмірлік қажеттілігіне айналып үлгерген байланыс саласы құралдарының кез-келген азамат үшін қолжетімділігін қамтамасыз ететін шектеусіз коммуникациялар әлемін құруға ұмтылуда.Осы мақсатта компания батыстың инновациялық идеялары мен Қытайдың жоғары инженерлік шеберліктерін біріктіре отырып, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге ерекше көңіл бөлуде.    80 000-нан астам Хуавей қызметкері әзірлемелер мен зерттеулерге қатысады, бұл компанияның әлемдік жұмыс күшінің 45% құрайды. Хуавей осы стратегиялық бағытқа жылдық кірісінің 10% -дан астамын инвестиция ретінде жұмсайды.Соңғы онжылдықта Хуавейдің бұл саладағы жалпы инвестициясы 60 миллиард АҚШ долларынан асты.Алдағы бес жыл ішінде Хуавей желілердің қарапайым, жылдам, қауіпсіз және сенімді болуы үшін желінің архитектурасын қайта құруға 100 миллиард АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр. Өткен жылдың өзінде Хуавей компаниясының ғылыми-зерттеу жұмыстарына салған инвестициясы 15 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл Хуавейді осы көрсеткіш бойынша әлемде бесінші орынға шығарды.

Цифрлық өркениетке қосылу бағдарламасы

Қазіргі уақытта Қазақстанда жоғары жылдамдықты интернетке қол жетімді 122 қала мен 1200 ауылдық елді-мекен бар, бірақ бұл жеткіліксіз. Цифрлық трансформациялау бағдарламасының жоспарына сәйкес, 2020 жылға қарай тағы 1700 ауылдық елді-мекенді қамту жоспарлануда, ол өз кезегінде тағы 2 миллион адамға жылдам интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.Өткен жылдан бастап Хуавей және «Транстелеком» АҚ ауылдық жерлерде кең жолақты қосылысты қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны сәтті бастады. 2018 жылы «Қазақтелеком» АҚ ұлттық байланыс операторымен «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендеріне талшықты-оптикалық байланыс жолдарының технологиясы бойынша кең жолақты қосылысқа қол жетімділікті ұсыну» жобасы іске қосылды, ол биыл да жалғасын табуда.

Компанияның пайымдауынша, бүгінде қымбат емес WTTx технологиясын қымбат баға мен төмен жылдамдықтағы интернетті қолданып келе жатқан шалғай аудандарда орналастырудың үлкен перспективалары бар. Еліміздің әртүрлі аймақтарында - қалада да, ауылдық жерлерде де кең жолақты байланысты дамыту оптикалық, сымсыз, мыс және ультрақысқа желілер негізінде жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар мемлекеттік саясаттың қаржылық, салықтық бағыттарында оңтайлы өзгерістер еңгізу арқылы, әр түрлі өнеркәсіп өкілдерінің өзара үйлесімді қарым-қатынасын құру және спектрлі талдауды қолдану арқылы орындалмақ. Бұл шаралар оң нәтижеге әкелетін негізгі шарттар мен шешімдер болмақ.

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын іске асыру үшін 2018-2021 жылдары мемлекет 325,95 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлді. Оның ішінде: 2018 жылы - 142,69 миллиард теңге; 2019 - 129,90 млрд. теңге; 2020 - 35,44 млрд. теңге; 2021 - 17,92 млрд.

Келесі қадам

5G желілерінің кең жолақты қолжетімділігі ақпаратты-байланыс технологиялары болашағы үшін шешуші фактор болып табылады және жақын аралықта аса қажет болатын технологияларды, мысалы, кеңейтілген және виртуалды шындық, өндіріс пен көлікті автоматтандыру, 3D-видео, «ақылды үй» және «ақылды қала» жүйелерін, жүкті дрон көмегімен жеткізу, аса жоғары маңызға ие қосымшаларды сенімділігі және төмен кідірісі арқасында ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Қазірдің өзінде LTE-V2X (4.5G) атымен белгілі жартылай автоматтандыру және жүргізушілерге көмек көрсету технологиялары көлік жүргізу барысының қауіпсіздігін толыққанды қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, сарапшылар жақын арада жаһандық автоматтандырудың ең жоғары деңгейіне жететіндігіне болжам жасауда. Осылайша, АҚШ 2020 жылға қарай V2V автоматты жүйесін жаңа көліктерге орнату туралы заңын қабылдауды жоспарлауда, Еуропалық Одақ 2025 жылға дейін жүргізушісіз автомобильді жаппай шығаруды мақсат тұтуда, Оңтүстік Корея 2021-2025 жылға дейін V2X технологиясын өндірілген көліктердің 50% еңгізуді жоспарлауда, Қытайда 2025 жылға қарай автоматтандырылған көлік ағымының экожүйесінің дайын болуы күтілуде, ал Жапонияда 2020 жылдың соңына дейін – көлікті толықтай автоматты басқаруға көшірілу күтуліде.

5G автоматтандырылған басқаруды неғұрлым қауіпсіз, ыңғайлы және тиімді етеді, сонымен бірге ол жылу шығарындыларын жылына 14% төмендетіп, 1.2 млн адамның өмірін сақтап, орта есеппен 3.1 млрд галлон мұнайды үнемдей алады.

Қазақстанда кең жолақты байланысқа қолжетімділіктің дамуы үлкен нәтижелер береді. Атап айтқанда: бұл халықтың интернетке жаппай қол жетімділігін қамтамасыз етеді, «электрондық үкіметтің» жеңілдетілген қызметтерін пайдаланатын азаматтардың үлесін арттырады, ақпаратты-байланыс технологияларын өнеркәсіптік, ғылыми, білім беру және әлеуметтік мақсаттарда пайдалануды жеңілдетеді, сонымен қатар республиканың экономикалық және әлеуметтік әлеуетін ашады.

Сонымен бірге, Хуавей азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдететін «Ақылды қала» платформасын, немесе осы платформа аясында құрылатын қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шешімін және елдің одан әрі экономикалық дамуына септігін тигізетін мұнай-газ секторы, денсаулық сақтау, заманауи өндіріс, электр көзімен жабдықтау және т.б. салаларға арналған көптеген шешімдерін ұсынуға әрдайым дайын.