• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Әдебиет 30 Қыркүйек, 2019

Жүректің емі – сөз

1076 рет
көрсетілді

Жақында Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында жас жазушы Аягүл Мантайдың оқырмандармен кездесу кеші өтті.

Әдеби кеш барысында жас қа­лам­­гердің «Жүрекке оралу» кі­та­­бы таныстырылды. Бұл кітап­та жазушының психологиялық тар­тыс­қа толы интеллектуалды әңгі­мелері, балалар тақырыбындағы шы­ғармалары топтастырылған.

 Аягүл Мантайдың әңгімелері адам жанының қатпарларын шына­йы ашуымен, ұлттық болмыс пен еуро­палық таным-түсінікті әдемі үн­дес­тіруімен, жаңалығымен құнды. «Әдебиет ұлы болмай, ұлт ұлы болмайды» дейді Ғ.Мүсірепов. Адам тек экономикалық өсуді ойласа, тез құл­дырайды, роботқа айналады. Сана серпілмей, рухани байымай еш­қандай өсу болмайды. Жүректің емі – сөз, саз.

Біздің кітапханалардың мақсаты – жылт еткен жақсы дүниені оқыр­ман­ға таныстыру, автор мен оқыр­ман арасында дәнекер болу. Тал­ғампаз оқырман қалыптасуына жұ­мыс істеу. Қазақ авторларының сұ­ранысқа ие болуы жолында қыз­мет көрсету.

Аягүл Мантайдың бұл кеші – оқырмандармен бірінші кездесуі екен. Тірі диалогқа құрылған кездесу екі жаққа да әсерлі болған сы­ңай­лы. Кешке атақты жазушы Дулат Исабековтің қатысуы да іс-шараны сал­мақтай түскендей. Кездесуде оқыр­мандар тарапынан қойылған сұ­рақтарға жазушы барынша шына­йы жауап беріп отырды.

Оқырманымен ашық әңгіме қа­зақ авторларына әбден керек екен де­ген ойда қалдық.

 Ғазиза ҚҰДАЙБЕРГЕН,

 Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының басшысы