Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 1-қазан - қарттар күніне орай «Үлкенге бізде ізет бар» атта құрмет күнін өткізді. Білім ордасының оқушылары ата-әжелерін мектепке шақырып, олардың өмір туралы терең ойларын тыңдады.
«Дара жол» бағдарламасы форматында ұйымдастырылған жүздесуге 10 «D» сыныбының оқушысы Камила Оразғалидың атасы Оразғали Өтеулиев, 10 «А» сыныбының оқушысы Бағдат Курентаевтың атасы Күреңтай Ізбергенов, 10 «С» сыныбының оқушысы Нұрберді Мырзабайдың атасы Сайлау Қалиев, 12 «І» сыныбының оқушысы Жансая Балхаеваның атасы Жұманұр Балхаев келді. Олар өмір жолдары, ел басынан өткен қиындықтар, ұлттық құндылықтар туралы әңгімелеп, жас ұрпаққа білім алу, Отанды сүю, ел азаматы болу сынды ұлағатты әңгімелеріна айтып, бата-тілектерін жеткізді.
- Қарттарға құрмет осымен бітпек емес. Қазанның бесі күні «Мейірім өскіні» оқушылардың қайырымдылық тобы Маңғыстау облыстық қарттар үйінің ақсақалдарына «Bookcrossing» жобасы аясында кітаптар мен осы күнге дейін бірлесе өткізген кездесулерден естелік альбом сыйламақ. Сонымен қатар, қариялармен Каспий жағасына және қала ішіне экскурсия жоспарланған, дейді оқу орны басшысының орынбасары А.Ихсанова.