• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қазан, 2019

Мәдениеттің мәртебесі асқақтайды

464 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауында заман талабына сай тиімді мемлекет, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздіктерін нығайту, қарқынды дамыған экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты өңірлердің дамуына қатысты мәселелер қозғалды.

Сол мәселелердің ішінде мәде­ниет қызметкерлеріне де әлеу­меттік жеңілдіктердің берілетіні қуантады. Бұйыртса, келер 2020 жылы мәдениет қызметкерлерінің жалақысы көбейеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында:

«Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен кітапхана, музей мен театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соң­ғы жылдары мүлдем көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды» деген болатын.

Бұл дегеніңіз руханиятқа қыз­мет етіп жүрген мәдениет сала­­сы­ның майталмандарына жасал­­ған зор мүмкіндік. Қуаныш­ты жаңа­лық! Мәселен, бір ғана 1,5 мил­­лион­нан астам кітап қоры бар Ұлт­тық академиялық кітапхана қызмет­кер­лерінің әлеуметтік жағдайы өзгереді.

Ал республика бойынша мем­ле­кетімізде он бір мыңнан астам кітапхана мекемесі жұмыс істейді. Одан бөлек еліміздің 4 аумағында кітапханашыларды дайындайтын арнайы факультеттер бар. Олар: Шымкент, Көкшетау, Павлодар және Орал қалалары. Аталған қалалардың барлығынан кітапхана мамандығын аяқтаған жас мамандар жұмысқа орналасады. Міне, сол руханият шырақшыларының материалдық және әлеуметтік қажеттіліктеріне мемлекеттік дең­г­ейде көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ Президент мәде­ниет саласы қызметкерлерінің жалақы­сын көбейту және әлеумет­тік жеңілдіктер беру үшін Үкі­мет­ке тапсырма берді. Яғни, білім беру мен денсаулық сақтау сала­ларын­­дағы жеңілдіктер мәдениет ме­кемесінің мамандарына да көрсетілмек.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын ор­да­ның 750 жылдығын тойлай оты­рып, төл тарихымызға, мә­де­ниетіміз бен табиғатымызға көңіл бөлу керек екендігін айтты. Яғни, осы айтулы мереке арқылы табиғатымызға туристер назарын аудару қажеттілігі де айқын сезіліп отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан хал­қына арнаған Жолдауында халы­қты толғандырған мәселе­лер көтерілді. Сол үшін де мем­лекеттің әрбір азаматы зор жауап­кершілікпен жұмыс атқаруы керек­тігін Президент сөз соңында былай деп түйіндеген болатын:

«Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын. Қазақстан – ортақ шаңы­рағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын».

Біздің мүддеміз бір, мақсаты­мыз айқын, болашағымыз кемел және сол жолда еңбек ете береміз.

 

Үмітхан МҰҢАЛБАЕВА,

Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор