• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қазан, 2019

Жас мамандарға қолдау күшейеді

235 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған бірінші Жолдауында мемлекеттік органдар үшін де, жалпы қоғам үшін де алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттар мен бағдарларды айқындап берді.

Осы Жолдауда Президент ішкі саясатты, мемлекеттік институттарды нығайтудың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қор­ғаудың, экономиканы және ха­лыққа әлеуметтік әл-ауқа­ты­ның модернизациясының негіз­гі мәселелеріне тоқталды. Со­ның ішінде Мемлекет бас­шы­сы Үкіметке жалақыны кө­бей­ту үшін жағдай жасау­­ды тапсырды. Бұл – жұмыс сапа­сы мен жұ­мысшылардың өмірін жақ­­сартумен байланысты бүгін­гі таңдағы кәсіподақтар жұмысының өзекті мәселелерінің бірі.

Президент Жолдауын «Қазақ­стандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қыз­мет­кер­лерінің кәсіптік одағы» қоғам­дық бірлестігінің мү­шелері мен бар­лық мәдениет қызмет­кер­лері, жал­пы жұртшылық қуана қабылдады.

Ең өзекті мәселе – еңбекақы. Себебі мәдениет қызметкерлерінің жалақысы көп уақыттан бері көтерілген жоқ. Мұғалімдер және дәрігерлермен салыстырғанда, мәдениет саласында еңбек ететін қызметкерлер әлдеқайда төмен айлық алады. Сондықтан өнерде жүрген жастар табыстың басқа көздерін іздейді. Осыдан барып өнер саласы мамандарының тапшылығы байқалуда.

Біз осы уақытқа дейін жалақы­­ны көтеру, жеке және ведом­с­тволық тұрғын үйге қол жет­кізу, зейнетақы төлем­дерін жа­сау мәселелерін әлеумет­тік әріп­тес­термен бірге республи­калық және аймақтың деңгейде ұдайы көтеріп жүрміз. Енді осы Жол­даудан соң мәдениет қыз­мет­керлерінің әлеуметтік жағ­дай­ларына көңіл бөлінеді. Мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алады. Келесі жылы мәдениет саласының мамандары мемлекеттік қолдау мен қам­қорлықты айтарлықтай сезінетін болады.

Сонымен қатар жұртшы­лық­тың жаппай спортпен айналысуына жағдай жасау, дене­шынықтыру ісін жетілдіру, салауатты ұлт қалыптастыруға және экономикамыздың маңызды саласы туризмді дамытуға баса мән беріліп отыр. Президент Жолдауы сөзсіз барлық қазақстандықтарға күш-қуат беретіні анық.

 

Светлана ИМАНҚҰЛОВА,

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы