Маңғыстау облысы Экология департаментінің ұжымы сенбілікке шығып, тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы департамент өкілдері хабарлады.
Экологтар ұжымы департамент аумағын тазалауға белсене қатысты. Аумақ бірнеше учаскеге бөлініп, әрқайсысына жауапты адам бекітілді. Жаңбырлы ауа райына қарамастан, тазалық сақшылары ұйымшылдық танытты. Көбіне пластик, металл және шыны жиналды. Екі сағаттың ішінде сенбілікке қатысушылар бірнеше қапшық қоқыс жинады.
Айта кету керек, осындай тазалық акциялары барысында қалалар мен қала маңы аумақтары тұрмыстық күл-қоқыстардан тазартылып тұрады. Аумақтық Экология департаментінің басшысы Руслан Тукеновтың айтуынша, қоршаған ортаны қорғау шарасына қатысуға ниет білдіруішілер саны жыл санап артып келе жатқандығы қуантады.
- Кез келген кәсіпорын үшін өздеріне тиесілі жерді көріктендіру, қоқыстан арылту - басты жұмыстардың бірі болуы тиіс. Егер аумақ үнемі тазартылып тұрса, экологиялық жағдай жақсара түседі. Осындай жұмыстарға белсене араласып, табиғатты қорғап, Ақтаудың таза қала статусын көтеруіміз керек, - дейді Руслан Каримұлы.
Маңғыстау облысы