• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Руханият 30 Қыркүйек, 2019

Алматыда әнші Жәнібек Кәрменовті еске алу кеші өтті

396 рет
көрсетілді

Алматыда Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, әнші Жәнібек Кәрменовтің 70 жылдығына арналған «Үнің кетпес құлақтан...» атты әдеби сазды-шығармашылық кеш өтті.

Жезтаңдай әншіні еске алу шарасы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» тармағының аясында ұйымдастырылды. Кешке Жәнібек Кәрменовтің курстастары, дос-жарандары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Көзден кетсе де, елдің көңілінен кетпегеніне тәуба айтамын. Өзінің елінде ескерткіш тақта қойылған, ескерткіші ашылған, осы қалада ескерткіш тақтасы бар. «Таугүл» ықшамауданында көшесі бар, Семей қаласында да көшесі бар. Бірақ Жәнібек сияқты өнерпазын ел есінен шығармай, елеп жатқанына тәуба деп айтамын», – деді Жәнібек Кәрменовтің жұбайы Тұрар Бәйгенқызы.