
Өнер • 28 Наурыз, 2025
Сардаланың сағынышы сынды сазсырнай
Сазсырнай аспабы желдің гуілі, қасқырдың ұлуы болып жер бетіне жетпес бұрын жүзжылдықтар бойы жер астында көміліп жатты. Түркі аспаны астындағы табиғаттың жұмбақ тілі музыкасына жасырылғанын сардаланың сағынышындай болған сазсырнайдың сиқырлы үні арқылы сезінді. Музыканың күшімен жел шақырып, жаңбыр жауғызатын түркі жұртының сазды аспабының қоңыр үні көне Отырар қазылмағанда саусағына ілікпек түгілі тамырын да танымаған күйі кетер еді.
Көрме • 21 Наурыз, 2025
Екі елге ортақ суреткер мұрасы
Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде бейнелеу өнерінің біртуар тұлғасы Орал Таңсықбаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрме Өзбекстан Республикасының мәдениет және өнерді дамыту қорының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның жазушылары, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.
Театр • 20 Наурыз, 2025
Әр жылы әз-Наурыз қарсаңында кішкентай көрермендерін ерекше қойылымдарымен қуантуды дәстүрге айналдырған Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры «Жыл он екі ай» атты қазақ халық ертегісінің желісімен «Наурыз құпиясы» атты жаңа туындысын сахнаға шығарды. Бұл туынды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Наурызнама» тұжырымдамасына негізделген. Әр күннің өзіндік мағынасы бар мерекелік онкүндік шеңберінде спектакль көрермендерге Наурыздың рәміздік мәнін айшықтап, бауырмалдық пен мейірімділікке, қамқорлық пен жанашырлыққа, рухани тазару мен жандануға зейін сала отырып, ұлттық киімдердің, спорт түрлерінің және мәдени мұралардың маңызын көрермен санасына дарытады.
Ғылым • 06 Наурыз, 2025
Алматыдағы «Caspian University» ғылыми кеңес залында Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясы (ҰИА) мен академик Ө.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты (ММИ) ұйымдастырған «Қазақстандағы механизмдер мен машиналар теориясы ғылымының жаңа көкжиектері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Сұхбат • 22 Ақпан, 2025
Роза РЫМБАЕВА: «Елден келді» деп ерекше құрметтеді
Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері Роза Рымбаева алғаш рет Моңғолия еліне сапарлап қайтты. Алыстан ат арытып жеткен қадірлі қонағын ұшақтан түсе құшағын жая қарсы алған жұрттың ықыласы аптаға жуық жалғасты. Атажұрт пен алыстағы ағайынның арасын әнмен жалғап, алтын көпір болған Роза Қуанышқызы 4-8 ақпан аралығында Баян-Өлгей аймақтық музыкалық драма театрында үш концерт, Ұланбатырдағы 1300 орындық Орталық мәдениет сарайында үлкен концерт қойып, қандастарды бір серпілтті. Мәдениеті ұқсас, тіршілік-тұрмысы ортақ, қоян-қолтық араласып отырған елде мамыражай өмір сүріп жатқан қаракөз бауырлардың ортасында өткен ұмытылмас күндер туралы Роза Рымбаева мен осы сапардың басты ұйымдастырушысы, ақын, композитор Ясира Заханқызы редакциямызға арнайы келіп, айтып берді...
Басылым • 19 Ақпан, 2025
Сауық Мәсіғұтқызы сыр шертеді...
Еліміздің мәдениеті мен өнеріне ерекше үлес қосқан диктор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сауық Жақанованың 80 жасқа толған мерейтойына орай Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Сахара сандуғашы» атты кітаптың таныстырылымы өтті.
Театр • 18 Ақпан, 2025
Ұйғыр театры сахнасындағы «Қозы вә Баян»
Еліміздегі этностық театрлардың жағдайы, олардың қалай тыныстап, көркемдік жетекшілері мен режиссерлерінің нендей мәселеге бас ауыртатыны сол этностың өзіне ғана емес, көпұлтты мемлекетті мекендеп, өнерін өрістетіп отырған халықтың қай-қайсысын да қызықтыратын толғамды сұрақ.
Көрме • 18 Ақпан, 2025
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсіп, белгілі қылқалам шебері Жұмақын Қайрамбаевтың шеберханасынан білімін шыңдап шыққан Оралбек Қабөке – танымал кескіндемеші. Тың тақырыптағы туындыларынан ертерек танылған талант көптеген республикалық және халықаралық көрмелерге қатыса жүріп, өзінің де жеке көрмелерін өткізіп, бұл күнде заманауи бейнелеу өнеріндегі белсенді әрі белгілі суретшілердің біріне айналды.
Руханият • 06 Ақпан, 2025
Әдеби шығарма өзегі – әлеуметтік дерт
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – нашақорлық, ішімдік секілді ең өткір әлеуметтік мәселе. Қорғансыз әйел мен балаға қарсы қылмыстың күн сайын өршіп бара жатқаны бүгінде жеке адамның емес, қоғамның дертіне айналды. Үй қорқауларының қорлығына үнсіз көніп, ішкі күйзелісін ешкімге тіс жарып айта алмай, өмір сүріп жүрген әйелдер мен балалардың мұң-қайғысын немесе олардың отбасынан безіп, өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізген оқиғалардың жиілей бастау қаупін сейілту тек құзырлы орындардың ғана қолында емес екенін тұтас қоғам түсінді. Жұрт болып жұмылып қарсы тұратын ауыр дерт сан қырынан сарапталып, себебі талданып жатқан тұста, бұл тақырыпты зерделеу өнер мен әдебиетте де көркем тәсілдермен көрініс тауып жатыр.
Өнер • 01 Ақпан, 2025
Алматыда «Birlik» ансамблі өнер көрсетті
«Almaty Theatre» сахнасында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Birlik» ансамблінің концерті өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған Гала-концерт – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясындағы 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі.