
Қоғам • 02 Тамыз, 2025
Алматыдағы «Alatay Creative Hub» орталығында қазақ жазушыларының қырғыз тіліне аударылған «Пандемия дүрбелеңі» атты әңгімелер жинағының және қырғыз жазушыларының қазақ тіліне аударылған «Күннің көзін көргім келеді» әңгімелер жинағының таныстырылымы өтті.
Мәдениет • 19 Шілде, 2025
Өнерін өрістеткен Қасымбек әулеті
«Өнерлі әулет өрнегі» көрмесі — еліміздегі ең жарқын шығармашылық әулеттердің бірі саналатын Қасымбековтер отбасына арналған ерекше мәдени іс-шара. Бұл экспозиция ұрпақтар сабақтастығының терең тамырын, өнер мен руханияттың біртұтас желісін паш етеді. Қасымбековтер әулетінің түп-тамыры — Жетісу (Жоңғар) Алатауының етегіндегі қасиетті Талды өлкесінен тарайды. Бұл — табиғат пен тарих, ұлттық рух пен шығармашылық өнер біте қайнасып, үйлесім тапқан құтты мекен.
Мәдениет • 16 Шілде, 2025
Ұлт абыройын асқақтатқан Алмагүл
Беларусь Республикасының Витебск қаласында жыл сайын өтетін «Славян базары-2025» халықаралық байқауында Жетісу облысы Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның жеке дауыстағы әншісі Алмагүл Батталиева Гран-при иегері атанып, қазақ өнерінің биіктігін тағы бір дәлелдеді. Халықаралық ән бәйгесіндегі осы жеңісі жолында сегіз жыл бойы ұлттық іріктеулерге қатысып, талмай тәжірибе жинақтаудан жалықпаған Алмагүл ел үмітін ақтады.
Кино • 12 Шілде, 2025
Жыл таңдауы: жеңімпаздар есімі жарияланды
Жыл сайын отандық кино саласының үздіктерін анықтайтын Қазақстанның киносыншылар қауымдастығы «Сыншылар таңдауы–2025» жүлдесі жеңімпаздарының есімін жариялады. Отандық киноның озығы мен үздігін анықтап, келешек бағыт-бағдарын айқындауды мұраты санайтын киносыншылар қауымдастығының бұл қызметіне биыл 10 жыл толып отыр.
Байқау • 26 Маусым, 2025
Өнерлілер «Жұлдызды жолда» бақ сынайды
Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясы павильондарының бірінде «Жұлдызды жол» музыкалық жаңа жобасының түсірілімі басталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша қолға алынған бұл инновациялық тартымды жоба ел ішінде танылмай жүрген жас таланттарды тауып, олардың сахнада өнер көрсетіп, шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік беретін бірегейлігімен маңызды.
Кино • 18 Маусым, 2025
Мақсат – ұлттық киноның көкжиегін кеңейту
9-12 маусым аралығында Алматыда отандық киноның көкжиегін кеңейтуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі – мемлекет қолдауына үміткер киножобаларға арналған ашық қорғау болып өтті. Ел қазынасы есебінен қаржыландырудан үмітті 99 жоба бұған дейін екі кезең бойынша іріктеуден сәтті өткен. Дегенмен Достық үйінде өткен таныстырылымда Сараптама кеңесінің мүшелері әр жобаның идеясы мен маңызына тағы да тереңірек үңіліп, мұқият зер салды. Ашық қорғаудың түпкі мәні – әділдікте, байқаудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында үш күнге созылған таныстырылым YouTube арнасының тікелей эфирінен таратылды.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
Сауалнама – сауатты оқырман үшін сын
Биыл алғаш рет 23 сәуірде Ұлттық кітап күні аталып өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен Ұлттық құрылтайда бекітілген атаулы күн елімізде кітапсүйер қауымның, оқырманның, баспагерлердің көптен күткен рухани мерекесі ретінде қабылданды. Ең алдымен, ұлттық әдебиетті қолдауға бағытталған бұл күн, сөз жоқ, алдағы уақытта кітап нарығына да үлкен серпіліс әкеледі деп болжанып отыр.
Қоғам • 12 Маусым, 2025
«Bösendorfer» күйсандығы таныстырылды
Елімізде алғаш рет Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрының сахнасында әлемдегі ең көне әрі ең атақты концерттік рояль өндірушілерінің бірі – «Bösendorfer» брендінің роялі таныстырылды. Әйгілі компанияның тарихы екі ғасырға жуық уақытты қамтиды.
Қоғам • 06 Маусым, 2025
Шәмшіге арналған пошта маркасы
«Қазпошта» АҚ «Шәмші әлемі» қоғамдық қорының бастамасымен композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған алғашқы пошта маркасын шығарды. Бұл айтулы оқиғаның тұсаукесері Алматы қаласында Ұлттық рәміздер күні қарсаңында өтті.
Алматы • 03 Маусым, 2025
Ұлттық анимациядағы жаңа белес
Алматыда Балаларды қорғау күні қарсаңында «Алтын адам» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Ұлттық анимацияның қоржынына келіп түскен жаңа туынды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясында, Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жарыққа шықты.