Театр • 16 Шілде, 2024
Канада көрермендерін тамсандырды
Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры Канаданың Оттава қаласында өткен І Халықаралық «Оттава» қуыршақ театрлар фестиваліне қатысып, «Ромео мен Джульетта» қойылымы үшін Гран-при жүлдесіне ие болды.
Қоғам • 05 Шілде, 2024
«Донор бүйрекпен жүріп домбыра үнін көкке самғатты»
Тұлғалардың орны мен даңқының уақыт озған сайын биіктей түсетіні бар. Оның ең үлкен себебі, соңында қалдырған мұрасының молдығында емес, құндылығы мен құнарлылығында, маңыздылығы мен қалың қатпарында болуы керек. Қазақ халқының асыл қазынасы қос ішекті қара домбыраны өміріне серік етіп, ал қалақтай жүрегін тиек етіп, сиқырлы саусағынан сорғалаған күйімен жылағанды жұбатып, құлазығанды қуантқан Қаршығасын қазақ ешқашан ұмытпақ емес. Күмбірлеген үннің кереметі дәріптелетін осынау атаулы күннің қарсаңында әйгілі күйшіні еске алсақ, ұлт өнерінде ұмытылуы мүмкін емес есімді жаңғыртып отыруды парыз санағаннан. Қызықты естелік сұрап, қолқа салғанда, қимас жан туралы сағаттап сөйлеуден талмайтын жарынан артық кімді табарсың? Нұрбике Ахмедиярова – қазақ өнерін күймен көмкерген әйгілі күйші, дәулескер домбырашы, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қаршыға Ахмедияровтың қырық жыл отасқан жары. Қырық жыл медицина саласында талмай қызмет атқарған денсаулық саласының ардагері, тәжірибелі педиатр дәрігер. Еңбек жолын қарапайым учаскелік дәрігерліктен бастап, емхананың бас дәрігеріне дейін көтеріліп, ұжым басқарған білікті басшы да болған.
Өнер • 19 Маусым, 2024
Қырық жылдан соң қайта жаңғырды
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрындағы талғамы биік көрермен сұранысына сай сахнадан түспей келе жатқан әйгілі «Сильфида» балеті қырық жылдан соң қайта жаңғырды. «Сильфида» балетінің алғашқы нұсқасы 1984 жылы 31 наурызда Эльза-Марианна Фон Розенің өңдеуімен Мариин театрының солисі, балетмейстер және Ресейдің еңбек сіңірген педагогі Ксения Тер-Степанованың сахналауымен қазақ көрерменіне ұсынылған болатын.
Қоғам • 15 Маусым, 2024
Цифрландыру – ақпараттық қоғамның ажырамас бөлігі
2017 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті бірлесе отырып, жас архившілердің халықаралық жазғы мектебін өткізіп келеді. Биылғы жас архившілердің VII халықаралық жазғы мектебі ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасында салтанатпен ашылып, ауқымды іс-шара 100-ден аса қатысушының басын қосты. Халықаралық форум Қазақстан Президенті Архивінің 30 жылдығына және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында өткізілді.
Кино • 15 Маусым, 2024
«Ойжұмбақтың» тағдыры өз қолымызда
Тоғыз жыл бұрын түсіріліп, жарыққа шыға сала «жылдың үздік фильмі» атанып, Оскарды иеленіп, шартараптағы киносүйер қауымды әлі күнге тамсандырып келе жатқан «Ойжұмбақ» анимациялық туындысының жалғасы болатыны жарияланғанда, әлем көрермені оны асыға күтті. Атағы дүркіреген фильмнің бірінші бөлімін әлемнің көптеген елі жалма-жан өз тіліне аударып алып, ұрпағының дұрыс дамуына кәдеге жарайтын көмекші құрал есебінде ұсынып жатты. Әлемдік кинематографияның табысты туындыларының бірі саналатын «Ойжұмбақ 2» фильмінің қазақ тіліне тәржімаланып, қазақтілді аудиторияға жол тартуы – руханиятымыздағы елеулі оқиға. Кино әлеміне нағыз жаңалық болып енген фильмді қазақтілді көрерменге жеткізу үшін Disney студиясы дубляжды алғаш рет өз есебінен қаржыландырып отыр.
Өнер • 08 Маусым, 2024
Бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі музыкалық жүйені, екі түрлі музыка тілін – Еуропаның операсы мен қазақтың дәстүрлі музыкалық мәдениетін біріктіріп, ұлттық классикалық туынды жазу және оны сахналау әсте оңай емес.
Форум • 06 Маусым, 2024
ТМД: V жастар театр форумы басталды
Алматы шаһары театр кеңістігіндегі нағыз шығармашылық мамандардың бас қосатын ауқымды алаңына айналды. Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының ұйымдастыруымен ТМД, Балтық және Грузия елдерінің V жастар театр форумы салтанатпен ашылды. Форум маңдайындағы «жастар» мәртебесі қатысушылар жасының шектеулі екенінен хабар береді. Алматы қаласына 9 елден: Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 35 жасқа дейінгі 200-ден астам режиссер, драматург, актер, сценографтар мен театр сыншылары келді. Режиссура, драматургия, сценография және театрдың өзге жанрындағы дарынды жас мамандарды бір ортаға тоғыстырған форум 3-9 маусым аралығын қамтып, драма өнерінің мерекесі қазақ елі мәдени кеңістігін бір апта бойы дүбірлетпек.
Қоғам • 31 Мамыр, 2024
«KMF» пен «Қазпошта» серіктестік жөніндегі келісімшартқа қол қойды
«KMF» қаржыландыруы бұрынғыдан да қолжетімді болмақ. 30 мамырда «KMF» компаниясы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы серіктестік жөніндегі келісімшартқа қол қойды.
Өнер • 23 Мамыр, 2024
«Апалы-сіңлілі үшеу» – жастар театрының жаңа белесі
Қысқа жазуды шығармашылығының ғұмырлық қағидасына айналдырған орыс классикалық әдебиетінің кемеңгері Антон Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу» атты пьесасын Алматы көрермені театрдың әдепкі тарихында алғаш рет ұзақ форматта тамашалады.
Көрме • 21 Мамыр, 2024
Көшпелілер тарихын толғаған жапон қолтаңбасы
Әлем бойынша аталып өтетін Халықаралық музейлер күні аясында музей кеңістігіндегі мәдени мұраны насихаттау және кең аудитория қалыптастыруды мұрат тұтатын Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі дәстүрлі мереке ажарын жапон өнерімен айшықтады. Музей қызметкерлері өнер сүйер қауымның назарына «Жапон өнері. XVII-XXI ғасырлар» атты көрме мен осы аттас каталогтің тұсаукесер рәсімін ұсынды.