Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
524 материал табылды

Кино • 25 Желтоқсан, 2024

Әлемдік премьераның Алматыдағы жаңғырығы

Алматыда Disney студиясының «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті. Бұл – Disney-дің қазақ тілінде «сөйлеткен» үшінші фильмі. Фильмдерді түрлі елдерге бейімдеп, дубляждау – Disney компаниясында бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 30-ға жуық нұсқасын дайындайды. «Қазақ тілі» қоғамының ұйытқы болуымен биыл­дан бастап ірі халықаралық студиялар әлемдік премьераларын қазақ тілінде ұсына бастады. Осы бастама аясында Disney студиясы биыл «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса. Арыстан патша» деп аталатын үш фильмін қазақ тіліне аударып, дубляж жұмыстарын қаржыландырды.

Театр • 24 Желтоқсан, 2024

Театр тынысы: кәсіби сыншылар бағасы

«Қазақстан театр сыншылары» бірлестігі биыл алтыншы рет «Сыншылар жүлдесі» марапаттау кешін ұйымдастырды. Алғашқы жылы сахна шығар­машы­лығына сараптама жүргізген сыншылар бес аталым аясында ғана үздіктерді анықтаса, марапат саны биыл мейлінше еселене түскен. Үздіктерді іріктейтін мерей­лі дода шығармашылық өкілдерінің шабысына қанат бітіріп, шабытына дем беріп, жаңа белестерді бағын­дыруға мүмкіндік сыйлайтын мақсаты мен маңызын жыл сайын арттырып келеді. Дегенмен Қазақстандағы 70-тен аса театрдың 53-інің 2024 жылы атқарған жұмысын қорытындылап, өз тарапынан кәсіби бағасын берген сыншылардың да сахна шығармашылығы төңірегіндегі үрдіс пен үдерістер туралы, табысталған жүлдеге бай­ланысты туындап қалған кейбір сыни ой-пікір мен өкпе-назға орай айтатын өз уәж-пайымы бар. «Театр сыншылары бірлестігінің» төрағасы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия­сы­ның профессоры, өнертану кандидаты Анар ЕРКЕБАЙ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия­сының профессоры, өнертану докторы Бақыт НҰРПЕЙІС, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты Аманкелді МҰҚАН, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты Меруерт ЖАҚСЫЛЫҚОВА, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия­сының оқытушылары, өнертану магистрлері, Жансая ТҰРМАҒАНБЕТ пен Бейбіт ӘЛКЕЕВА басылым ұйым­дастырған дөңгелек үстелде жыл бойы атқарылған жұмыстың нәтижесін талдап, жүлденің бүгіні мен болашағына алаңдаушылығын білдірді.

Кино • 19 Желтоқсан, 2024

«Бастау» – қанатқақты жобалар қолдаушысы

Алматыда дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан ХІІ халықаралық «Бастау» студенттер мен дебюттік фильмдердің кинофестивалі мәресіне жетті. Кинофестивальға қатысуға ниет білдірген жақын шетелдерден бөлек, Түркия, Иран, Гонконг, Италия, Сербия, Нидерланды, Мексика, Польша секілді әлемнің әр түкпіріндегі елдерден жалпы саны 500 өтінім келіп түскен. «Bastau Shorts» конкурстық бағдарламасы аясында көркем, деректі және анимациялық қысқаметрлі дебюттік фильмдер сарапқа салынып, олардың ішінен 28 елдің 43 картинасы іріктеліп алынды.

Көрме • 10 Желтоқсан, 2024

Елдік мақсатты бедерлеген туындылар

Алматыдағы Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан­ның Халық суретшілері Әбілхан Қастеевтің 120 жыл­ды­ғына, Үкі Әжиевтің 100 жылдығына, На­ғым­бек Нұр­мұхаммедовтің 100 жылдығына, Гүлфайруз Исмаи­ло­ваның 95 жылдығына арналған «Ұлағатты ұрпақ» атты Суретшілер одағының республикалық есептік көрмесі ашылды.

Қоғам • 04 Желтоқсан, 2024

Ұлт өнерінің алтын ұясы

Ұлт өнерінің алтын ұясы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының құрылғанына биыл 60 жыл толып отыр. Атаулы күнге орай «Almaty Theatre» сахнасында мектептің рухани әлеуе­тін, дарынды балалардың шеберлігін көр­сеткен концерт ұйымдастырылып, сал­­танатты жиынға Мәдениет және ақпа­рат министрі Аида Балаева, белгілі өнер қай­раткерлері мен мәдениет саласы­ның май­талмандары, дарынды бала­лар мектебінің әр жылғы түлектері қатысты.

Өнер • 03 Желтоқсан, 2024

Сахна төрінде – «Хан Сұлтан»

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өнер сүйер қауымға Алтын Орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтау және Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл толуына орай «Хан Сұлтан. Алтын Орда» атты опера спектаклін ұсынды. Алматылықтар және қала қонақтары үш күн бойы ортағасырлық алып мемлекет – Алтын Орданың құрылуына куә болып, ғасырлар қойнауына жетелейтін, ұлы сезімге толы естен кетпес саяхатты бастан кешті.

Көрме • 03 Желтоқсан, 2024

Ғалым өмірінен сыр шертеді

Алматы музейінде қазақтың тұңғыш академигі, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы, оның тұңғыш президенті, кеңес одағы мен Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ғылымға арналған ғұмыр» атты көрме ашылды.

Қоғам • 26 Қараша, 2024

Бұлбұл әншіге арналған марка

«Қазпошта» КСРО ха­лық әртісі, Қазақстан мәдениетінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан көр­некті опера әншісі Би­бігүл Төлегенованың ту­ға­нына 95 жыл толуы­на орай пошта маркасын шығарды. «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясындағы марка – бес маркадан тұратын пошта блогі. Марка 4 түсті бояумен офсеттік үлгіде басып шығарылған. 5000 данамен таралған марканың номиналы – 450 теңге.

Кино • 22 Қараша, 2024

Шығыс пен Батыс мәдениетін тоғыстырады

Алматының Өңірлік коммуника­ция­лар қызметі алаңында XVII Халық­­­аралық «Еуразия» кинофес­ти­валінің ашылуына­ орай ау­қымды баспасөз мәс­ли­хаты ұйымдастырылды. Мәде­­ниет және ақпарат минис­трлігі мен «Қазақ­фильм» ұлт­тық кино­сту­дия­­сы­ның» қолдауымен ұйым­­­дас­­тырылып отыр­ған Орта Азиядағы ең ірі кино­фес­тиваль биыл үш бірдей мерей­­той­дың құр­метіне – ұлт­тық кино­­­ны­ның негізін қала­­ғандардың бірі Шәкен Ай­ма­новтың 110 жыл­­ды­ғына, «Қазақ­­фильмнің» 90 жыл­­дығына, кино­­­сту­дияға Ш.Ай­ма­нов есі­мінің беріл­ге­ніне 40 жыл тол­ға­ны­на арналып отыр.

Өнер • 16 Қараша, 2024

Дәуір бейнесін кескіндеген

Қазақстанның халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнер­тану кандидаты Нағымбек Нұрмұхаммедовтің туға­нына 100 жыл толуына орай Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер му­зейін­де «Суретші және ғалым. Дәуір бейнелері» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде алуан түрлі тақырыпты толғаған суретші шығармашылығындағы ең таң­даулы туындылар ұсынылды. Н.Нұрмұхаммедов – қырық жылға жуық шығар­ма­шы­лы­ғында өнімді еңбек еткен, соңына үлкен мұра қалдырған талантты қылқалам шебері.