
Тұлға • 17 Сәуір, 2025
Бағдарынан айнымаған байыпты қаламгер
Алматыдағы Ұлттық кітапханада қаладағы музейлер бірлестігінің және Жазушылар одағының ұйымдастыруымен белгілі қоғам және мәдениет қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Әділғазы Қайырбековтің мерейтойына орай «Ғазалғұмыр» атты ақын бенефисі өтті.
Өнер • 09 Сәуір, 2025
Алматыда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын хореографиялық оқу орындарының «Өрлеу» IX халықаралық байқауы өз мәресіне жетті. Биылғы өнер додасына 8 елдің 134 талантты жас бишісі қатысты. Олар «Классикалық би», «Халық биі» және «Заманауи хореография» аталымдары аясында бақ сынады.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Алматыда «Өрлеу» IX халықаралық байқауы өтті
Алматыда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын хореографиялық оқу орындарының «Өрлеу» IX халықаралық байқауы өз мәресіне жетті. Биылғы өнер додасына 8 елдің 134 талантты жас бишісі қатысты. Олар «Классикалық би», «Халық биі» және «Заманауи хореография» аталымдары бойынша бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 05 Сәуір, 2025
Алматы қаласындағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты Қазақстан-Ресей конференциясы өтті.
Тарих • 04 Сәуір, 2025
Алматы қаласындағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты Қазақстан-Ресей конференциясы өтті.Конференция жұмысына Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абзал Нүкенов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Антон Рыбаков, Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі басшысы Григорий Гуров, екі елдің ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты. Конференция мерейтойлық атаулы күнге арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-шараларының бастауы болды, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 04 Сәуір, 2025
«Ақшақар» ана тілімізде сөйледі
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге шақырады. Алматыда «Disney» студиясы «Ақшақар» фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті.
Олимпиада • 03 Сәуір, 2025
Ағылшын тілінен алдына жан салмайды
Еліміздің он екі аймағынан 2 691 оқушы ағылшын тілінен бақ сынап, «KGL Contest» халықаралық олимпиадасына қатысты. Сайыстың бірінші кезеңінің нәтижесі көрсеткендей, біздің балалардың шет тілін меңгеру деңгейі айтарлықтай жоғары. Тестті 9 бен 17 жас аралығындағы оқушылар тапсырды. Сайысқа қатысу идеясын отандық мектептерге ағылшын тілі пәнінің оқулығын Оқу-ағарту министрлігінің МЖМБС талабына сай әзірлеген Қазақстандағы «Express Publishing» компаниясы ұсынған.
Көрме • 01 Сәуір, 2025
Қырғыз өнерін айшықтаған көрме
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде бір топ кәсіби кескіндемеші, суретшілер мен мүсіншілер қырғыз мәдениетін, табиғаты мен халық дәстүрін көркемдік тұрғыдан суреттейтін «Айкөл-Талас-Қырғызстан» атты көрме ұсынды. 2019 жылы әдебиет алыбы Шыңғыс Айтматовтың 80 жылдығына арналған халықаралық пленэр кезінде құрылған бұл рухани идеяластар төңірегіне үлкен халықаралық тәжірибесі бар авторларды, Қырғызстанның халық және еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерін, сурет өнерін, шығармашылықты сүйетін жас ұрпақты біріктіре бастады.
Мәдениет • 31 Наурыз, 2025
Disney студиясының «Ақшақар» фильмі қазақ тілінде көрсетілді
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге шақырады. Наурыздағы мереке күндері Алматыда Disney студиясының «Ақшақар» фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 28 Наурыз, 2025
Сардаланың сағынышы сынды сазсырнай
Сазсырнай аспабы желдің гуілі, қасқырдың ұлуы болып жер бетіне жетпес бұрын жүзжылдықтар бойы жер астында көміліп жатты. Түркі аспаны астындағы табиғаттың жұмбақ тілі музыкасына жасырылғанын сардаланың сағынышындай болған сазсырнайдың сиқырлы үні арқылы сезінді. Музыканың күшімен жел шақырып, жаңбыр жауғызатын түркі жұртының сазды аспабының қоңыр үні көне Отырар қазылмағанда саусағына ілікпек түгілі тамырын да танымаған күйі кетер еді.