Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
506 материал табылды

Кино • 22 Қараша, 2024

Шығыс пен Батыс мәдениетін тоғыстырады

Алматының Өңірлік коммуника­ция­лар қызметі алаңында XVII Халық­­­аралық «Еуразия» кинофес­ти­валінің ашылуына­ орай ау­қымды баспасөз мәс­ли­хаты ұйымдастырылды. Мәде­­ниет және ақпарат минис­трлігі мен «Қазақ­фильм» ұлт­тық кино­сту­дия­­сы­ның» қолдауымен ұйым­­­дас­­тырылып отыр­ған Орта Азиядағы ең ірі кино­фес­тиваль биыл үш бірдей мерей­­той­дың құр­метіне – ұлт­тық кино­­­ны­ның негізін қала­­ғандардың бірі Шәкен Ай­ма­новтың 110 жыл­­ды­ғына, «Қазақ­­фильмнің» 90 жыл­­дығына, кино­­­сту­дияға Ш.Ай­ма­нов есі­мінің беріл­ге­ніне 40 жыл тол­ға­ны­на арналып отыр.

Өнер • 16 Қараша, 2024

Дәуір бейнесін кескіндеген

Қазақстанның халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнер­тану кандидаты Нағымбек Нұрмұхаммедовтің туға­нына 100 жыл толуына орай Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер му­зейін­де «Суретші және ғалым. Дәуір бейнелері» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде алуан түрлі тақырыпты толғаған суретші шығармашылығындағы ең таң­даулы туындылар ұсынылды. Н.Нұрмұхаммедов – қырық жылға жуық шығар­ма­шы­лы­ғында өнімді еңбек еткен, соңына үлкен мұра қалдырған талантты қылқалам шебері.

Форум • 05 Қараша, 2024

Париж форумында Президент архиві ерекшеленді

Өткеннен сыр шертетін әрбір құжат – терең қатпарлы көне тарихымыздың бір бөлшегі, әрбір архив – тұтас ұлттың жады, ал оны сақтау – бүкіл адамзатқа жүктелген үлкен жауапкершілік. Осынау қастерлі міндетті абыроймен атқарып келе жатқан еліміздегі ар­хивтердің ауқымды желісі қазіргі таңда 223 мемлекеттік архив­тен, сондай-ақ жеке және ведомстволық архивтерден тұра­ды. Ұлттық архив қорының жалпы көлемі 25 миллион сақтау бірлігін құрайды.

Тағзым • 29 Қазан, 2024

Көркемсөздің көрнекті өкілі

Елдің «Әбесі» атанған дарабоз тұлға, Алаштың асыл перзенті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Шолохов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған іс-шаралар легі Ұлттық кітапханада өткен халықаралық конференция­дан басталды.

Кино • 29 Қазан, 2024

Фильмнің әрін келтірген әндер

Музыка – киноның ажырамас қосалқы бір бөлігі. Кино әуелде мылқау болып басталғанымен, кейін оны музыкасыз елес­тету мүмкін болмай қалды. Кезеңдердің сынағынан өткен кейбір фильм музыкасының ерекшелігімен есте ұзақ сақталып келеді. Мұның жарқын мысалын ертеректе түсірілген қазақ фильмдерінен де кездестіруге болады. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының «Қазақ киносына саяхат» атты концерт ұйымдастырудағы мақсаты да сол, ұлттық киноның өткен тарихына шолу жасап, аңызға айналған фильмдерде шырқалған ән мен күйді ұмыттырмай, көрермен жадында қайта жаңғырту болғаны анық.

Өнер • 24 Қазан, 2024

«Аспандағы» аңсар

Жер – ана болса, Аспан – әке іспетті, бірін-бірі айналған егіз кеңістік арасы ендік пен бойлықтармен ұштасып жатса да, жер бетінің жұмбағы мен заңдылығы сонау зеңгір көктен басқарылатындай, адам баласы аспанды құдіретті санаған әдетінен әлі жаңылысқан жоқ. Күн сайын арайлап ататын таң мен кешке мұнартып бататын күннің мекені де көк аспан. Жиегі көрінбейтін шетсіз-шексіз аспанды періштелер көктеп жүреді деген сеніммен бала біткен көзі талғанша көкке қадалып, арманын аспанға қарап айтады. Аспан – еркін әлем, арман мен қиялды тоғыстырып, төңкеріліп түскен көк теңіз.

Өнер • 17 Қазан, 2024

Атақты хореограф – Абай театрында

«Британия империясы» орденінің кавалері, әлемге әйгілі биші, хорео­граф Акрам Хан елімізге келіп, Абай атындағы Қазақ ұлттық ­опера және балет театрында бірнеше күн шеберлік сабағын өткізді. Жаңалығы мол қойылымдарымен би әлеміне жаңа серпін берген өнерпаз қазақ елі әртістерінің тәжірибесін толықтырып, тереңдете түсті.

Музей • 11 Қазан, 2024

«Анаға құрмет» – айрықша музей

Осы уақытқа дейін ана мен баланың, отбасылық құндылықтардың маңызын насихаттап, ұлттық дәстүрді жаңғыртуға үлес қосып жүрген «Анаға құрмет» музейі биыл алғашқы 10 жылдық мерейлі белесін атап өтті.

Архив • 07 Қазан, 2024

Әлем елдерінің архившілері Алматыда

1-4 қазан аралығында Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ұйымдастырған «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» тақырыбындағы ІІ Архившілер конгресі өтті. Архившілер конгресінің Қазақстан-Британ техникалық университеті ғимаратының «Тәуелсіздік залында» өтуінің тарихи мәні зор. Осы залда 1990 жылы мемлекеттің «Егемендік туралы» декларациясы қабылданған. Биыл екінші рет өткізіліп отырған конгресс қатысушыларының қатары БҰҰ, ЮНЕСКО, Халықаралық архивтер кеңесінің лауазымды тұлғаларымен толықты. Конгресс жұмысы ТМД, Орталық Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Еуропалық одақ, АҚШ – жалпы саны 20 елден келген архив қызметінің басшылары мен қызметкерлерінің, ғалымдар мен жетекші сарапшылардың басын қосты. Сондай-ақ төрт күнге созылған дүбірлі жиынға еліміздің 150-ден аса орталық және облыстық архив, білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Мәдениет • 03 Қазан, 2024

Торқалы тойда 126 ардагер марапатталды

1934 жылы ұлттық, әлемдік классикалық мәдени мұраны насихаттау мақсатында құрылған Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өзінің 90-маусымын тарих бетіне өрнектеді. 90 жылдық тарихында 300-ден аса шығарманы сахнаға шығарған қазақ өнерінің қара шаңырағы мерейлі белесін тыңғылықты дайындықпен қарсы алып отыр. Атаулы күнге орай саналы ғұмырын киелі сахнаға, шығармашылыққа қызмет етуге арнаған театрдың 126 майталман маманы арнайы төсбелгімен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.