• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Тағайындау 01 Қазан, 2019

Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды

977 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Марат Серікұлы Тойжан Маңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Марат Тойжан 1977 жылғы дүниеге келген. Прокуратура органдарында 1999 жылдан бастап қызмет атқарады. Бұрын Бейнеу ауданының, Жаңаөзен ауданының прокурорлары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментінің кадрларды іріктеу, орналастыру және оқыту басқармасының бастығы, Ақтау қаласының прокуроры болып қызмет еткен.

Жаңа  қызметке тағайындалғанға дейін Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болып еңбек етті. Прокуратура органдарындағы жалпы еңбек өтілі 21 жыл.

 

 

Маңғыстау облысы