• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қазан, 2019

Маңғыстауда 2000-ға жуық зейнетақыға өтініш рәсімделген

245 рет
көрсетілді

Қарттар күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Маңғыстау облысы бойынша филиалы биыл құрметті демалысқа шыққан азаматтар туралы мәліметтерді ұсынды. Жыл басынан бері 2 мыңға жуық азаматқа базалық зейнетақы тағайындалды, жасына байланысты зейнетақы төлемдері 1963 азаматқа рәсімделген. Жалпы, бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша 52844 зейнеткер бар.

Аймақтық бөліністе қарайтын болсақ, базалық зейнетақы ең көп Алматы облысында тағайындалған – 5954, ал ең аз өңір – Атырау облысы, мұнда не бары 1554 азамат биыл базалық зейнетақы ала бастаған. - Біз зейнеткерлікке шығу рәсімін барынша жеңілдетуге тырысудамыз. Бір жыл бұрын зейнеткерлікке бір өтінішпен шығуға мүмкіндік беретін композит қызметін енгіздік. Биыл ХҚО-ға бармай-ақ, смс-хабарлама арқылы зейнеткерлікті рәсімдеуге мүмкіндік беретін проактив қызметін іске қостық. Цифрлық жаңашылдықтар құрметті демалысқа артық қағазбастылықсыз шығуға жол ашады, - дейді филиал директоры Ербол Байжігіт.

Айта кетейік, зейнеткерлік жасқа жетуіне, базалық зейнетақының төленуі мен мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы, сондай-ақ БЖЗҚ-ға төлемдерді төлеу сияқты төрт өтініштің орнына бір ғана өтініш өткізуге мүмкіндік беретін композит қызметі 2018 жылдың қазан айында енгізілді.

Зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін смс-хабарлама жолданатын қызмет 2019 жылдың тамызында енгізілді. Әзірге бұл қызметті мемлекеттік корпорациядан зейнеткерлікке шығатын жұмыскерлер пайдалана алады.

 

Маңғыстау облысы