• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Президент 01 Қазан, 2019

Қарым-қатынас тереңдей береді

197 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жоғары Еуразиялық эконо­ми­калық кеңес аясында өткен кездесу барысында президент­тер Қазақстан мен Беларусь ара­сындағы көпжақты ынтымақтас­тықтың өзекті мәселелерін тал­қылады. Сауда-экономикалық қатынастар мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылға баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконың алдағы Қазақстанға жос­пар­ланған сапарының маңыз­ды­лығын атап өтті.

– Біз сіздің Қазақстанға ресми сапарыңызды күтеміз. Оған жан-жақты дайындалып жатырмыз. Біздің мемлекеттер арасындағы қатынас стратегиялық сипатта құралған. Қазақстан белорус халқының тарихын, мәдениеті мен менталитетін құрметтей отырып, сіздерге ерекше ықылас танытады, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Беларусь Прези­денті алдағы Қазақстанға сапары екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің бастауы болатынын атап өтті.

– Мен сізге ЕАЭО аясында бірлесе жұмыс істегеніміз үшін ризашылығымды білдіре­мін. Біздің көзқарасымыз бір. Қа­зақ­станда сындарлы ұстаным бар. Сондықтан өзара ынты­мақ­тас­ты­ғымызды дамытуға да­йынбыз. Біз екі ел арасындағы қарым-қатынастың тамырын тереңдете түсуге ниеттіміз, – деді Александр Лукашенко.