• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қазан, 2019

Маңғыстауда биыл жыл соңына дейін 11 инвестициялық жоба іске қосылады

127 рет
көрсетілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.

2019 жылы жоспарланған 13 жобаның ішінде жалпы құны 976 млн теңге болатын 2 жоба пайдалануға берілді. Екі жобаның арқасында 37 жұмыс орны құрылды. Олар битум эмульсиясы негізінде гидро оқшаулағыш материалдарды өндіретін «SatexChemie» ЖШС және «Best group» жел электр станцияларын салу мекемесі. Келер 2020 жылы 119 млрд теңгеге 11 жобаны іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде 1500-1700-дей жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Маңғыстау облысында 840 шетелдік компания жұмыс істейді.

- Маңғыстауда инвестициялық ахуал жақсы. Қысқаша тоқталсам, қаңтар-тамыз айының аралығында Маңғыстау облысының өнеркәсіп көрсеткішінің негізгі көлемі 98,8% құрап отыр. Өздеріңіз білетіндей, Маңғыстау облысының өнеркәсібінің 90% үлесі тау-кен өндіруші кәсіпорындар, яғни мұнай мекемелері болып табылады,- деді Маңғыстау облыстық индустриялық-инновациялық басқармасы басшысының орынбасары Талғат Әбдіқадыров.

 

 

Маңғыстау облысы