• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Қазан, 2019

Геннадий Головкин айқас алдында ашық жаттығу өткізді

179 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) өткізетін титулдық жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізді. Бұл туралы Головкин Instagram парақшасында жазды. 

«Ашық жаттығуға келген барлық жанкүйерлеріме рахмет. Сіздер - кереметсіздер!», деп жазды Головкин.

Боксшы алдымен жалғыз жаттығу жасап, кейінірек бапкері Джонатан Бэнкспен жаттыққан.

Еске салсақ, 5 қазанда (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 6 қазан) АҚШ-тың Нью-Йорк қала­сын­­дағы Madison Square Gar­den­ аренасында өткен жылы ұйымдастырылмақ болып, бірақ түрлі себептерге байланысты өтпей қалған қазақстандық бокс­шы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді. 

Сондай-ақ «Қазақстан» РТРК» АҚ бокс кешінің барлық кездесуін көрсету құқығына ие болғанын хабарлаған еді. Жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 6 қазан күні 05:00-де басталады. Кездесуді qazaqstan.tv және qazsporttv.kz cайттары арқылы, QAZAQSTAN TV мобильді қосымшасында онлайн тамашалауға болады.

 

Соңғы жаңалықтар