• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қазан, 2019

Суретшілердің халықаралық симпозиумы өтті

180 рет
көрсетілді

Талдықорғанда «Сұлулық әлемді құтқарады» деген атаумен суретшілердің халықаралық симпозиумы өтті.

«Ұлттық бірегейлікті сақтау: ұлттық код, ұлттық мәдениет» тақырыбына ой толғатып, пікір таластырған суретшілер бас қосуы  қылқаламмен өрілген бейнелер көрмесіне ұласты.

Симпозиумға Әзірбайжан, Ресей, Түркия, Қытай, Тәжікстан, Қырғызтан, Өзбекстан және республиканың басқа да аймақтарынан 25 суретші қатысты. Шара аясында қонақтар облыс орталығындағы Көркемөнер галереясына, М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейіне және І.Жансүгіров әдеби мемориалдық музейіне экскурсия жасады.

– Өнер – халық тарихының шежіресі. Сөз, әуен, қолөнер, бейнелеу өнері адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан көптеген нәрсе көрсетіп, алуан түрлі сыр шертеді. Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүние жүзіне кеңінен танымал, бір топ туындыларымен өз Отанын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Әбілхан Қастеев, Орал Таңсықбаев, Айша Ғалымбаева сынды тұлғалардың туындылары куә, – дейді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев.