Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі қызметтер енді қызмет көрсету трекингі жүйесінде бақыланады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қызметтерді нақты уақыт режимінде көрсету мәртебесін қадағалай бастады. Бүгінгі күні трекинг жүйесінде Еңбекмин көрсететін 18 қызмет бақыланады. Олардың арасында мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау, мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау және тағы басқалары бар. Бұл ретте министрліктің қызметкерлері нақты уақыт режимінде қызмет көрсетудің барлық кезеңдерін бақылай алады. Кешігу немесе қызмет көрсетпеу фактілері анықталғаннан кейін болашақта осындай жағдайларға жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, Еңбекмин 35 түрлі қызметтің орындалуын бақылауға алуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, Министрлік қызметкерлері нақты уақыт режимінде келіп түскен және өңделген өтінімдердің санын, олардың қаншасының мерзімі өткенін және тағы басқаларын бақылай алады. Алдағы уақытта бұл деректер өңірлерде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын талдау үшін негіз болады.