• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Парламент 05 Қазан, 2019

Дариға Назарбаева ұстаздарды мерекелерімен құттықтады

262 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева оқытушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Сіздерді Ұстаздар күні – кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл әрқайсымызға өте жақын, мейірім мен ізгілік шуағы төгілетін мереке. Өйткені ұстаз – бұл жай ғана мамандық иесі емес, адам жан-жүрегімен таңдаған аса жауапты, өте қадірлі қызмет», - деді Сенат Төрағасы.

Спикердің айтуынша, «Мұғалімнің мақсаты – білімді әрі зердесі ояу, қазіргі заманға лайық саналы ұрпақ тәрбиелеу. Біздің балаларымыздың бойына жақсы дағдымен қатар білімге деген құштарлық пен өз-өзіне сенімділікті, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау қасиетін сіңіру бүгінгі күнде маңызды болып отыр».

«Біз қазақстандық ұстаздарды шын жүректен мақтан тұтамыз. Бүгінгі мереке – бұл барлық оқушыларға, қазір оқып жатқан оқушыларға да, мектеп түлектеріне де өз ұстаздарына ризашылығын жеткізудің тамаша мүмкіндігі. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тілеймін! Оқушылар өз жеңістерімен және жетістіктерімен қуантсын!» - деді Дариға Назарбаева.