Сенбі, 23 ақпан 2013 5:44
2012 жылғы 13 желтоқсан, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес бұйырамын:1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидалары бекітілсін.2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы:1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұйрықты ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына жолдасын.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына жүктелсін.4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Ә. ЖАҚСЫБЕКОВ.
Сенбі, 23 ақпан 2013 5:44
2012 жылғы 13 желтоқсан, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес бұйырамын:1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарының ішкі тәртіп қағидалары бекітілсін.2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы:1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұйрықты ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына жолдасын.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына жүктелсін.4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Ә. ЖАҚСЫБЕКОВ.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің2013 жылғы 13 желтоқсан № 972 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясыгауптвахталарының ішкі тәртіп қағидалары
1. Жалпы ережелер1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы гауптвахталарының iшкi тәртiп қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 15-бабына сәйкес әзірленді, ұсталғандарды, күдіктілерді, айыпталушыларды, әкімшілік тәртіппен қамауға алынғандарды және гауптвахтада ұстауға сотталғандарды (бұдан әрі – гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер) ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясының гауптвахталарындағы (бұдан әрі – гауптвахталар) iшкi тәртiпті айқындайды.2. Әскери полицияның гауптвахтасына:1) қылмыс жасауға күдіктену бойынша тергеушімен немесе анықтау органдарымен (ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы, әскери полиция, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, кеден органдары, шекара бөлімдерінің командирлерімен, әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің командирлерімен) ұсталған әскери қызметшілер – жетпіс екі сағаттан артық емес мерзімге;2) тергеуші немесе анықтау органы, прокурор немесе судья оларға қатысты қамауға алу түрінде жолын кесу шарасын таңдаған күдікті және айыпталушы әскери қызметшілер – қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен айқындалған мерзімге;3) тәртіптік әскери бөлімге жіберумен сотпен сотталған әскери қызметшілер – сот үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енгенге деін;4) гауптвахтада ұстаумен қамауға алуға сотпен сотталған әскери қызметшілер – соттың үкімімен айқындалған мерзімге;5) олар лауазымды адамдарға ашық бағынбаған немесе қарсылық білдірген, теріс қылық жасаған жағдайларда, сондай-ақ оларды деру уақытша оқшаулауды талап ететін жағдайларда ұсталған әскери қызметшілер – заңмен белгіленген мерзімге жіберіледі.3. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші жауап алынуға тек жұмыс уақытында ғана шақырылады және камераға жауап алынудан кейін сағат 21.00-ден кешікпей қайтады.4. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер Заңмен оларға жүктелген міндеттерді және Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер үшін талаптарды мүлтіксіз сақтауға тиіс.5. Гауптвахтада Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес гауптвахтаны инспекциялайтын адамдардың ескертулері мен ұсыныстарының кітабы жүргізіледі, оған инспекциялаушылар өздерінің ескертулерін, кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарын енгізеді.6. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер негізгі жалпыәскери үлес нормасы бойынша тамақтанумен қамтамасыз етіледі, оларды тамақтануға қабылдау азық-түлік аттестаттары бойынша жүргізіледі. Егер гауптвахтада тамақ дайындалмаса, онда оны гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге жеткізу тәртібін гарнизон бастығы белгілейді.Гауптвахтаға немесе уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайға қамауға алынған, азық-түлік аттестаттары жоқ гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер әскери полиция органы бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығынан үзінді бойынша жабдықталымға қабылданады.Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер камераларда немесе гауптвахта жанындағы асханада тамақтанады. Жеке камераларда ұсталатын гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер камераларда тамақтанады.
2. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердіқабылдау және камералар бойынша орналастыру7. Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшілерді қабылдауды гауптвахта бастығы немесе гауптвахта қарауылының бастығы жүргізеді, ол гауптвахтаға жеткізілген адамды қабылдауға негіз беретін құжаттардың бар болуын тексереді, көрсетілген адамнан жауап алады және медициналық тексеруді жүргізетін медицина қызметкерінің қатысуымен оның жауаптарын жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексереді.8. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер мынадай құжаттармен жіберілуі тиіс: ұстау хаттамасы, тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе судьяның қаулысы не қамауға алу түріндегі жолын кесу шарасын таңдау туралы соттың қаулысы, командирдің (бастықтың) әскери қызметшіні гауптвахтаға жіберу туралы бұйрығының көшірмесі, қызметтік есепке алу картасы, медициналық кітапшасы, әскери билеті, әскери қызметшінің куәлігі (жеке басын куәландыратын құжат), азық-түлік және киім-кешек аттестаттары.9. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің жеке басын куәландыратын құжаттары жеке iсiнде сақталады, қажет болған кезде қылмыстық процесс жүргiзетін органның өкiлiне, кейiннен қайтарып бере отырып, қолын қойғызып беріледi.10. Гауптвахтаға қабылдау үшiн негiз болып табылатын құжаттар тиiстi лауазымды адамдардың қол қоюымен куәландырылуы және елтаңбалы мөрмен бекітілуі тиiс.11. Гауптвахтаға судьяның немесе соттың қамауға алу түрiндегi жолын кесу шарасын таңдау туралы қаулысынан үзінді ұсынылған жағдайларда, онда оған қатысты осы жолын кесу шарасы қолданылған адамның толық анықтама деректері көрсетiлуi тиіс. Үзінді лауазымды адамның қол қоюымен куәландырылған, елтаңбалы мөрмен бекiтiлген болуға тиiс және үш күнтізбелік күннен кешiктiрiлмей қаулының көшiрмесiмен ауыстырылуға жатады.12. Гауптвахтаға қабылданған адамдар, олар келiп түскен күні бiр күнтізбелік күннен кешіктірмей медициналық тексеруден өтедi. Медициналық тексеру нәтижелері медициналық кітапшаға енгiзiледi.Медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша шұғыл стационарлық емдеудi қажет ететiн адамдар гауптвахтаға қабылданбайды. Медициналық көрсеткіштер бойынша оларға медициналық көмек көрсетiледi.13. Медициналық тексеруден өткеннен және оның нәтижелерін алғаннан кейiн қамауға алынғандар төсек жабдықтарын алады.14. Гауптвахтаға қабылданған қамауға алынған әскери қызметшілерге құқықтары мен мiндеттерi, қамауда ұстау режимi, тәртiптiк талаптары, ұсыныстарды, өтiнiштер мен шағымдарды беру тәртiбi туралы ақпарат ұсынылады. Көрсетiлген ақпарат жазбаша түрде де, ауызша түрде де ұсынылуы мүмкін.15. Кейiннен мұндай ақпаратты гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні жеке қабылдауда гауптвахта бастығы және ол өкiлеттiк берген қызметкерлер ұсынады.16. Әрбiр гауптвахтаның стендінде гауптвахтада ұсталатын адамдардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерi туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған ақпарат iлiнедi.17. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді, ер адамдар мен әйелдерді камералар бойынша орналастыру бөлек, санаттары және негіздері бойынша жүргізіледі. Бiр қылмыстық iс бойынша немесе өзара байланысты бiрнеше iс бойынша гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер бөлек Қағидаларға 3-қосымшадағы камералар бойынша орналастыру жоспарына сәйкес орналастырылады..Камералар бойынша орналастыруды гауптвахта бастығы немесе қарауыл бастығы жүргізеді.18. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер жалпы камералардың сипаттамасында көрсетілген құлыппен жабылатын жалпы камераларда ұсталады (Қағидаларға 4-қосымша). Гауптвахтада ұсталатын адамдарды жеке камераларға орналастыруға гауптвахта бастығының дәлелді шешімі бойынша:1) Заңның 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудiң өзге мүмкiндiгi болмаған;2) өмiрі мен денсаулық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiнде;3) гауптвахтада ұсталатын адамдардың жеке ұстау туралы жазбаша өтiнiші бар болған жағдайда рұқсат етiледi.19. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке камераларда бiр күнтізбелік күннен артық мерзімге ұстауға Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес прокурор санкция берген «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының тәртiбiмен гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні жеке камераға ауыстыру туралы қаулы шығарылады.20. Оқшаулау тәртібі гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің барлық жүріп-тұруларында (дәліздер мен гауптвахта аумағында жүруінде, серуендеуінде, санитарлық тазартуда, еңбек объектілерінде) қамтамасыз етілуі тиіс.21. Оқшаулауды қамтамасыз ету үшін камера терезелері камераға табиғи жарықтың түсуіне кедергі келтірмейтін торлармен жабдықталады.
3. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердіжеке тiнту, суретке түсiру және заттарын тексеру22. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер толық жеке тiнтуден өткiзiледi және суретке түсiрiледi, ал олардың жеке заттарына тексеру жүргiзiледi.23. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке тiнту және олардың заттарын тексеру сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттарды және азық-түлiк өнімдерін немесе өзiне тиесiлi емес заттарды анықтау және алу мақсатында жүргiзiледi.24. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарға адам өмiрiне және денсаулығына қауiп төндiретiн немесе қылмыс жасау құралы ретiнде немесе қамауда ұстау мақсаттарына қарсыласу үшін пайдаланылуы мүмкін құралдар, заттар мен азық-түлік өнімдері жатады. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер өздерімен бірге алып жүре алатын, сақтай алатын, сәлемдемелер арқылы ала алатын азық-түлік өнімдерінің, бірінші кезекте қажет заттар, аяқ киiм, киiм және басқа да өнеркәсіптік тауарлар тізбесіне (бұдан әрi – Азық-түлік өнімдерінің тiзбесі) сәйкес азық-түлік өнімдерін өздерімен бірге алып жүре алады, сақтай алады, сәлемдеме арқылы ала алады.25. Жеке тiнту толық және жартылай болады. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер одан тыс жерге жөнелтер алдында, жеке камераға қамауға алған кезде толық тiнтуден өтеді.26. Толық тiнту кезінде тiнтiлушiнiң денесi, оның киiмi, аяқ киiмi мұқият тексерiледi. Пластырь жапсырмалары, гипс және басқа да байлауыштар медицина қызметкерiмен бiрге тексерiледi. Киiмге жасырын тiгiлген заттар анықталған кезде матасы сөгiледi. Аяқ киiмнен жапсырмалар, металл тағалар алынады.27. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерде өзiмен бірге алып жүруге және камерада сақтауға рұқсат етілетін заттар, киімдер ғана қалдырылады.28. Жартылай тiнту гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахта шегінде шығарған кезде (медицина қызметкеріне, тергеушiге, туыстарымен және өзге де адамдармен кездесу алдында және одан кейін, басқа камераға ауыстыру кезiнде) жүргiзiледi. Жартылай тiнту кезінде тiнтiлушiнi шешiндiрмей, оның киiмi және аяқ киiмi саусақпен басып көру арқылы тексеріледі.29. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке тiнтуді гауптвахта қызметкерлерi жүргiзедi.Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің денесін тексеру күн сайын жүргізіледі.30. Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшілерді, олардың жеке iсiнде тану фотосуреттері болмаған кезде гауптвахта әкімшілігі фотосуретке түсіредi. Олардың әрқайсысына көлемi 4,5х6, 6х9 сантиметр алты фотосурет (үшеуi алдынан және үшеуi қырынан) жасалады.31. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің заттарын тексеру гауптвахтаға түскен кезде, одан тыс жерге жөнелтер алдында, басқа камераға, әскери-медициналық мекемеге ауыстыру кезінде өзінің қатысуымен жүргiзiледi.32. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді толық жеке тiнту немесе олардың заттарын тексеру хаттамамен ресiмделедi, оған тыйым салынған құралдардың, заттар мен азық-түлiк өнімдерінің алынғаны туралы акт қоса беріледі. Толық тiнту мен заттарды тексеру қатар жүргiзiлген жағдайда бiр хаттама жасалады. Хаттамаға гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметші және жеке тiнту немесе заттарына тексеру жүргiзген гауптвахта қарауылының бастығы қол қояды.33. Гауптвахтаға қамауға алынатын әскери қызметшінің хаттамаға қол қоюдан бас тартуы және оның тiнту немесе заттарын тексеру кезiндегi талаптары хаттамада жазылады. Хаттама мен акт жеке iске тіркеледі.34. Жартылай жеке тiнту кезінде тыйым салынған құралдарды, заттарды және азық-түлiк өнімдерін алу туралы хаттама жасалады.
4. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттарды және азық-түлiк өнімдерін алу35. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіден сақтауға қабылданған немесе оған тиесілі алынған ақша, құндылықтар (қымбат металдар және одан жасалған бұйымдар, қымбат тастар, iнжу және одан жасалған бұйымдар, барлық түрдегi және маркадағы сағаттар, бағалы қағаздар, валюта және ұялы байланыс құралдары) гауптвахта бастығына сақтауға тапсырылады. Жеке құжаттар (жеке басын куәландыратын құжаттар) гауптвахта бастығында сақталады. Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдар, заттар және азық-түлiк өнімдері мекеменiң қоймасына сақтауға тапсырылады немесе соттың шешімі бойынша жойылады.36. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден алу немесе сақтауға қабылдау нәтижелері бойынша Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес актінің үлгісі бойынша үш данада акт жасалады. Бiрiншi данасы гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге берiледi, екiншi данасы – бөлiмнің уәкілетті өкіліне беріледі, үшiншi данасы жеке iсте сақталады.37. Гауптвахта әкiмшiлiгi гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден сақтауға қабылданған немесе алынған ақша сомасы немесе құндылықтар туралы іс жүргізуінде қылмыстық iс бар адамды немесе органды олардың сұрау салуы бойынша хабардар етеді.38. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіден заттар мен азық-түлiк өнімдерін сақтауға қабылдауды медициналық бөлім қызметкерінің қатысуымен қарауыл бастығы жүргізеді.39. Қамауда ұстау кезеңiнде гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіден ақшаны немесе құндылықтарды алудың немесе табудың әрбiр фактiсі бойынша олардың келіп түсу көзін және нақты иесiн анықтау мәніне қызметтік тексеру жүргiзiледi.40. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден оларға тиесілі емес табылған және алынған құралдар мен заттар иелерiне қайтарылады. Егер алынған құралдардың, заттардың және азық-түлiк өнімдерінің иесi анықталмаса, ақша, бағалы қағаздар мен бағалы заттар алынады, ол туралы хаттама жасалады және сату және мемлекет кірісіне аудару үшін әскери полиция органының қаржы қызметі арқылы салық органдарына беріледі.41. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің өтiнiшi бойынша және адамның немесе iс жүргізуінде қылмыстық іс бар органның келiсiмiмен гауптвахтада сақтауда жатқан құралдар, заттар және азық-түлiк өнімдері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің туыстарына берiледі.42. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған жағдайда сақтауда тұрған оған тиесілі ақша, құндылықтар, басқа да құралдар, заттар және азық-түлiк өнімдері оның туыстарына беріледі.
5. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердіматериалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету43. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер:1) ұйықтайтын орынмен;2) төсек-орын жабдықтарымен: матрацпен, жастықпен, көрпемен;3) төсек жабдығымен: екi жаймамен, жастық тысымен;4) сүлгімен;5) тапочкалармен;6) асхана ыдысымен және асхана аспаптарымен: тегешпен, кружкамен, қасықпен;7) жалпыәскери жарғылармен, кітаптармен, журналдармен және мерзімді басылыммен қамтамасыз етіледі.Көрсетілген мүлік қамауда ұстау кезеңіне берiледi.Камералар сәкімен, үстелдермен, орындықтармен, түкіргіштермен, кружкалармен және ішетін суы бар ыдыспен жабдықталады.Офицерлерді ұстауға арналған камералар сәкілермен, үстелдермен, орындықтармен, жеке заттарға және жуынатын керек-жараққа арналған тумбочкалармен, ішетін суы бар ыдыспен және кружкалармен, ілгіштермен және түкіргіштермен жабдықталады.Барлық камераларға түнгі уақытта кезекші жарық түсіріледі.44. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге ұзақтығы кемінде 15 минут душта жуыну мүмкiндiгі берiледi, моншада жуыну аптасына бір рет әскери полиция органының бастығы белгілеген күндері және сағаттарда жүргізіледі. Моншада жуыну күндері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің іш киімдері мен төсек жабдықтарын ауыстыру, сондай-ақ оларды медициналық тексеру жүзеге асырылады.45. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге олардың өтiнiшi бойынша ұсыныстар, өтiнiштер, шағымдар жазу үшін жазу құралдары берiледi (қағаз, шариктi қаламсап).46. Гауптвахта әкімшілігінің кінәсінен гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге келтiрiлген материалдық залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндiрiліп алынады.
6. Сәлемдемелердi қабылдау және гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге беру47. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге бірінші кезекте қажет заттар, маусым бойынша киім, сондай-ақ дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар бар сәлемдемелер, бандероль алуға рұқсат етіледі. Сәлемдемелер, бандероль әскери полиция органы бойынша кезекшінің қатысуымен Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес азық-түлік пен киім-кешек сәлемдемелерін тексеру тәртібінде тексеріледі. Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған азық-түлiк өнімдерінің тiзбесi гауптвахтаның стендіне iлiнедi.48. Сәлемдеме жеткізген адам өтінішті Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша екі данада толтырады және оған қол қояды. Өтініштің екі данасы, сәлемдеме жеткізген адамның жеке басын куәландыратын құжат гауптвахта қызметкеріне беріледі.49. Сәлемдеме қабылдай отырып, гауптвахта қызметкері келушіге жеке құжаттары мен қабылдағаны туралы қолы бар өтініштің бір данасын қайтарады, ал екінші данасын гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші сәлемдемені алғанға қол қойғаннан кейін оның жеке ісіне тіркейді. Бұл адамға арналған жеке істе сәлемдемені алғаны туралы белгі қойылады. Өтінішке қол қоюдан бас тартылған жағдайда, онда ол туралы тиісті белгі жасалады.50. Сәлемдемеде, бандерольде, хатта табылған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіде болуға тыйым салынған құралдар немесе заттар алынады және қайтару себептерін көрсете отырып, сәлемдеме жеткізген адамға қайтарылады. Сәлемдеме пошта арқылы алынған жағдайда тыйым салынған құралдар, заттар немесе ақша сотталушының жеке заттарының тізімдемесіне енгізіледі және жазалау мерзімін өтегенге дейін оның басқа да жеке заттарымен бірге сақталады.51. Сәлемдеме мынадай жағдайларда:1) адресат қамаудан босатылған;2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған;3) сәлемдеме жеткізген адам жеке басын куәландыратын құжатты көрсетпеген;4) сәлемдеменің салмағы пошта қағидаларында көзделген нормаға сәйкес келмеген;5) сәлемдеме қабылдауға өтініш дұрыс ресімделмеген;6) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің өзінің атына келген сәлемдемені қабылдаудан жазбаша түрде бас тартуы бар болған жағдайларда қабылданбайды және келушіге қайтарылады.52. Сәлемдеме, оны қабылдағаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге тапсырылады.
7. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің жеделхаттар мен хаттарды, сондай-ақ шағымдар мен өтініштерді алуы және жіберуі53. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге хат жазысуға, жазу құралдарын пайдалануға, газеттерді, жалпыәскери жарғыларды, әскери, оқу, ғылыми және көркем әдебиетті оқуға және радиобағдарламаларды тыңдауға рұқсат етіледі.54. Хат жазысу прокурорға және сотқа жазылған хаттардан басқа, iс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның рұқсаты бойынша олардың есебінен жүзеге асырылады.55. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден хаттар мен жеделхаттардың толтырылған бланкілерін гауптавахта өкілі күн сайын қабылдайды. Хаттар, оларда жіберушінің тегін, аты-жөнін және әскери полиция органының пошталық мекенжайын көрсете отырып, жапсырылмаған конверттерде ғана қабылданады. Жеделхаттың толтырылған бланкісіне жеделхатқа төлеу үшін қамауға алынған әскери қызметшінің дербес шотынан ақша алу өтінішімен әскери полиция органы бастығының атына жазылған қамауға алынғанның өтініш (ерікті түрде) қоса беріледі.56. Жеделхатты жібергеннен кейін гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге пошта түбіртегі тапсырылады, ал дербес шотта ақша болған жағдайда, оған тиісті белгісі бар ақша түбіртегі қайтарылады. Егер қалдық болмаса, ақша түбіртегі өтінішке тіркеледі. Жеделхат жіберген гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің пошта түбіртегін алғаны туралы қолы бар өтініші жеке іске тіркеледі.57. Жәбірленушілерге, қылмыс куәгерлеріне жолданған, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша қандай да бір мәліметтерді, қорлауды, қорқытуды, жазасын тарттыруға, қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасауға шақыруларды, гауптвахтаның күзеті, оның қызметкерлері, тыйым салынған заттарды беру тәсілдері туралы ақпаратты және қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға ықпал етуі мүмкін, сондай-ақ мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құпия жазумен, шифрмен орындалған басқа да мәліметтерді қамтитын хаттар мен жеделхаттар адресатқа жолданбайды, гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге тапсырылмайды және іс жүргізуінде қылмыстық iс бар адамға немесе органға беріледі.58. Келіп түскен хаттарды тапсыруды гауптвахта бастығы жүргізеді.59. Гауптвахтаның қызметкерлері күн сайын камераларды аралайды және гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден ұсыныстарды, өтініштер мен шағымдарды жазбаша түрде де, ауызша түрде де қабылдайды.60. Ауызша түрде қабылданған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар гауптвахта бастығына баяндалады.61. Жазбаша түрде жолданған және мазмұндалған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар тіркеледі және олардың рұқсаты бойынша шаралар қабылдайтын әскери полиция органының немесе гауптвахтаның басшылығына баяндалады.62. Прокурорға немесе сотқа жолданған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар жапсырылған конвертте қабылданады және цензураға жатқызылмайды. Олар келіп түсуіне қарай дереу адресатқа жолданады.63. Қылмыстық қудалау органымен гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің және сотталған әскери қызметшілердің ұсыныстары, өтініштері мен шағымдары Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын тіркеу кітабында тіркеледі және бір күнтізбелік күннен кешіктірілмей әскери полиция органы арқылы тиесілігі бойынша жолданады.
8. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді еңбекке тарту64. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер ұзақтығы аптасына төрт сағаттан артық емес гауптвахтаға шаруашылық қызметін көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға тартылады.65. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер кезектілік тәртібімен камераларды және гауптвахтаның басқа да үй-жайларын жинайды.66. Әкімшіліктік тәртіппен гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер күзеттің, дабылдама мен байланыстың инженерлік-техникалық құралдарын, көлік құралдарының барлық түрлерін және көбейту аппаратурасын жөндеумен және пайдаланумен байланысты жұмыстарға жiберiлмейдi.
9. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердіңгазеттер мен журналдарға жазылуын жүргізу67. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының байланыс бөлімшелері арқылы таратылатын газеттер мен журналдарға жазылу құқығы беріледі.68. Жазылуды ресімдеу үшін гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші гауптвахта бастығының атына өтініш жазады. Жазылуды ресімдеуге ниет білдірген гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге өзінің есебінен абонемент пен жеткізу карточкасының бланкілері беріледі.69. Байланыс бөлімшесінде жазылуды ресімдеуді гауптвахта қызметкері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің дербес шотындағы қаражат есебінен жүргізеді.70. Жазылуды басқа мекенжайға жіберу жазылушының есебінен әскери полиция органы басшылығының рұқсатымен оның жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.71. Жазылуды гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің атына оның туыстары ресімдеуі мүмкін.72. Жазылу ресімделуі мүмкін басылымдардың санына шек қойылмайды.
10. Медициналық-санитарлық қамтамасыз ету73. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер әскери полиция органы медицина қызметкерінің, ол күн сайын камераларды аралаған уақытта медициналық көмегіне, ал жіті науқастанған жағдайда гауптвахта қызметкеріне жүгінеді. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші жүгінген қызметкер оған медициналық көмек көрсету үшін шаралар қабылдайды.74. Денсаулық жағдайына шағымданған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша шұғыл білікті медициналық көмек көрсету қажет болған кезде әскери полиция органы бастығының рұқсатымен айдауылдың ілесіп жүруімен медициналық мекемеге жіберіледі. Әскери полиция органының бастығы әскери қызметшіні медициналық мекемеге орналастыру туралы прокурорға, судьяға және әскери бөлімнің қолбасшылығына дереу хабарлайды.75. Әскери қызметші сауыққаннан кейін, егер судьяның өзге де шешімі болмаса, әскери бөлімнің командирі оны жазасын одан әрі өтеу үшін гауптвахтаға жібереді.76. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге амбулаторлық көмек гауптвахтаның камераларында көрсетіледі. Дәрі-дәрмектерді беру дәрігердің тағайындауы бойынша белгіленген мөлшерде жеке қол қойғызып жүзеге асырылады.77. Заңның 23-бабына сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің дене жарақаттарын медициналық куәландыруды уәкілетті орган әскери-медициналық бөлімшелерінің қызметкерлері мынадай жағдайларда жүргізеді:1) әскери полиция органы бастығының шешімі бойынша;2) қамауда ұстау орындарында заңдардың қолданылуына қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың нұсқауы бойынша;3) іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның шешімі бойынша;4) дене жарақаттарын алған қамаудағы адамдардың қолдаухаты бойынша;5) дене жарақаттарын алған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қорғаушысының қолдаухаты бойынша.
11. Күнделікті серуендету78. Әскери полиция органының әрбір гауптвахтасында гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің серуендеуіне арналған биіктігі кемінде үш метр қалың қоршаумен қоршалған, жоғарғы жағынан Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес серуендеу аулаларының сипаттамасымен белгіленген металл тормен жабдықтылған аула болуға тиіс. Жүкті әскери қызметші әйелдер үшін серуендеудің ұзақтығы кемінде 3 сағатты құрайды.79. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер күн сайын ұзақтығы кемінде бір сағат серуендеуді пайдаланады. Серуендеудің ұзақтығын күн тәртібін, ауа райын, мекемедегі адам санын ескере отырып, әскери полиция органының әкмішілігі белгілейді.80. Серуендеу камералар бойынша күндізгі уақытта гауптвахтаның арнайы жабдықталған аумағында жүргізіледі. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің серуендеуі, егер ол осы Қағидалармен белгіленген талаптарды бұзса, гауптвахта бастығының (қарауыл бастығының) шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.81. Серуендеуден босатуды әскери қызметшінің өтінішін қарағаннан кейін гауптвахта бастығы жүзеге асырады.
12. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің қорғаушыларымен,туыстарымен және өзге де адамдармен кездесулерін өткізу82. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге туыстарымен және өзге де адамдармен кездесулер іс жүргізінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негізінде беріледі. Рұқсат бір ғана кездесуге жарамды.83. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшімен кездесуге бір уақытта кәмелетке толған екіден артық емес адамға ғана рұқсат етіледі.84. Іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның жазбаша рұқсаты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттар негізінде әскери полиция бөлімшесінің бастығы немесе оның орынбасары кездесуге рұқсат ету туралы жазбаша нұсқау береді және оның ұзақтығын айқындайды, одан кейін гауптвахтаның бастығына оны өткізу туралы өкім береді.85. Кездесулер жалпы кезектілік тәртiбiмен берiледi. Кездесулерге келген адамдар кездесу уақытында тәртiп сақтау қағидалары туралы хабардар етіледі және осы Қағидалармен белгіленген талаптарды бұзған жағдайда кездесудiң тоқтатылатыны туралы ескертіледі.86. Кездесуге олардың жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе алкогольдік, есірткі мас күйінде не уытқұмарлық күйінде келген адамдарға, сондай-ақ рұқсат қағазында көрсетiлмеген адамдарға кездесулер берілмейді. Кездесуге рұқсат бермеуден бас тарту себептері кездесуге келген адамға жарияланады.87. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің туыстарымен және өзге де адамдармен кездесулерi Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес гауптвахта қызметкерлерiнiң бақылауымен арнайы жабдықталған үй-жайларда қандай да бiр заттарды беруді болдырмайтын, бірақ сөйлесуге және көзбе-көз кездесуге кедергі жасамайтын бөлетін қабырға арқылы жүргiзiледi.88. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің кездесуге келген адамдармен сөйлесуі тікелей немесе сөйлесу құрылғысы арқылы жүзеге асырылады.89. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің қорғаушысымен кездесулерi жұмыс уақытында, оңаша бөлетін қабырғасыз және олардың саны мен ұзақтығын шектеусіз жүзеге асырылады. Кездесулер гауптвахта қызметкерiне гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні және қорғаушыны көруге, бiрақ оларды естiмеуге мүмкіндік беретін жағдайларда жүргiзiледi.90. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшімен кездесулер қорғаушыға, оның жеке басын куәландыратын құжаты, сондай-ақ қылмыстық iс жүргiзу заңнамасының нормаларына сәйкес қылмыстық процесс жүргiзетін адам немесе орган берген қылмыстық iске қатысуға растайтын құжаты бар болған кезде берiледi.91. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен кездесулерге рұқсат алған адамдарға әскери полиция органы бастығының немесе оның орнында болатын адамдардың рұқсатынсыз гауптвахтаға техникалық байланыс құралдарын, компьютерлерді, кино, фото, аудио, бейне және көбейту аппаратурасын алып кiруге және кездесу уақытында оларды пайдалануға жол берілмейді.92. Кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатуға негіздер мыналар болып табылады:1) кездесуге келген адамдардың кездесуді өткізуге жауапты гауптвахта қызметкерінің заңды талаптарын орындамауы;2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге қандай да бір құралдарды, заттарды, азық-түлік өнімдерін беруге немесе одан алуға әрекет жасау;3) қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіруі, қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтерді беру;4) кездесуге келген адамдардың өзара байланыс үшін шартты белгілерді, шифрды және ақпаратты берудің басқа да тәсілдерін пайдалануы.93. Кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оны өткiзуге жауапты гауптвахта қызметкерi кездесудi тоқтату себептерiн көрсете отырып, ол туралы гауптвахта бастығына жазбаша түрде баяндайды94. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен кездесулер уақытша тоқтатылған жағдайда (карантинге, ерекше жағдайдағы режимнің енгізілуіне байланысты) әскери полиция органының бастығы ол туралы гауптвахтада заңдылықтың сақталуына қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, тиісті сот және тергеу органдарына хабарлайды, бақылау-өткізу пунктінде хабарландыру ілінеді.
13. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің тергеу әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету95. Әскери полиция органының басшылығы қылмыстық іс жүргізетін судьяларға, прокурорларға, тергеушілерге, анықтауды жүргізетін адамдарға гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен тергеу әрекеттерін жүргізу үшін жұмыс уақытында гауптвахтаға кедергісіз келуін қамтамасыз етеді.96. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді ҚР ҚIЖК-да көзделген жағдайларды қоспағанда, кездесуге, сондай-ақ кезекшi ауысымдардың кезекшiлiктi тапсыру-қабылдау кезеңiнде (бiр сағаттан артық емес), күн тәртiбіне сәйкес тамақ iшетiн уақытта (таңертеңгi, түскi, кешкi ас), сондай-ақ түнгi уақытта (кешкi сағат 22-ден бастап келесi күнгі таңғы сағат 6-ға дейiн) шақыртулар бойынша камерадан шығаруға жол берілмейді. Көрсетілген уақытта шақырту бойынша шығарылған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер камераларға қайтады.97. Тергеушiнiң, анықтау жүргiзетін адамның, прокурордың немесе соттың (судьяның) нұсқауы бойынша гауптвахта аумағында тергеу әрекеттерін, амбулаторлық сот-психиатриялық және басқа да сараптамалар жүргізу үшiн гауптвахта бастығы:1) жабдықталған үй-жайды береді;2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні жеткізеді және оны күзетуді қамтамасыз етеді;3) тергеу әрекеттеріне қатысу үшiн тартылатын өзге де адамдардың гауптвахтаға кiруiн қамтамасыз етеді;4) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің мекеме қоймасында сақтауда жатқан немесе жеке пайдаланудағы мүлкiне тiнту, оны алуды, оған тыйым салуды жүргізеді.98. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахта бастығынан қолдарында сақтау үшін мынадай құжаттарды қол қою арқылы алады: айыптау қорытындысының көшірмесін, тергеушіні, анықтаушыны, қорғаушыны, судьяны ауыстыру туралы хабарлама