• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қазан, 2019

Қазақстандықтарды Чехия қалаларын азат ету кезінде қаза тапқан туыстарын еске алуға шақырады

349 рет
көрсетілді

Чехияда Фрыдек-Мистек елді мекенінде (чеш. Frydek-Mistek, Moravskoslezsky kraj, stat Cesko) қаза тапқан және құрметті әскери қабірде жерленген Қызыл әскер жауынгерлердің аттарын және дербес деректерін анықтау бойынша жұмыс аяқталды. Бұл туралы  Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жауынгерлердің жерленген жерлерін іздестіру-зерттеу жұмыстарын Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Чехияда әскери-мемориалдық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша өкілі Чехиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің жәрдем көрсетуімен жүргізгізді. Бірлескен іздеу-зерттеу жұмысының нәтижесінде тиісті каталог анықталды, оның ішінде 542 жаңа ат анықталып, 895 адамның қосымша дербес деректері нақтыланды.

Сондай-ақ Фрыдек-Мистек Мистек елді мекенінде осы әскери қабірде құрбан болған Қызыл Әскер жауынгерлерінің аттарымен мемориалдық плита орнатылады. Мемориалдық плиталардың салтанатты ашылуы 2019 жылғы қазанның аяғы-қарашаның басында өткізіледі деп жоспарланған.

Осыған орай, қаза тапқан жауынгерлерді лайықты түрде мәңгі есте сақтау мақсатында Ресей Федерациясы қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың жақын туыстарын осы іс-шараға қатысуға шақырады.