• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қазан, 2019

Гагарин алаңын қайта қалыпқа келтіруге Қазақстан қатысады

484 рет
көрсетілді

Роскосмос басшысы Дмитрий Рогозин Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Байқоңыр ғарыш айлағында атақты Гагарин алаңын қалпына келтіруге қатысуға болатындығын растады.

«Гагарин алаңы» - негізгі ұшырылымдардың бірі, аңызға айналған алғашқы ұшырылым, сондықтан оны кейінгі кейінге қалдыруға болмайды» деді Ресей ғарыш агенттігінің басшысы Дмитрий Рогозин бүгін «Байқоңыр» қалалық газетіне берген сұхбатында.

Осыған дейін Роскосмос мемлекеттік корпорациясы мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы Гагарин старт алаңын жаңарту туралы келісімге қол қойғаны хабарланған болатын.

«Роскосмос» баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңартуға 87 млн доллар мөлшерінде инвестиция тартылады. Жоба аясында ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңын (Гагарин старт алаңы) жаңарту және бұл жерді «Союз-2» тасымалдаушы зымырандарын ұшыруға пайдалану көзделіп отыр. Ақпаратқа сәйкес, РТИҚ және өзге серіктестердің инвестициялары ғарыш айлағының жерүсті инфрақұрылымын жаңартып, Ресейдің ғарыш өнеркәсібінің бәсекеге қабілетін арттыруға септігін тигізеді. «Бұл процестің қатысушыларына келетін болсақ, бұл ең алдымен Ресей, Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері. Тараптардың жарналарының мөлшері әлі белгісіз. Бұл бағдарламаның  қандай мерзімге есептелгені, техникалық қайта құруға қанша уақыт қажет болатыны туралы үшжақты форматта қарқынды пікірталастар өтіп жатыр. Орындалу мерзімі  үш жыл деп жоспарлап отырмыз. Сондықтан біз Абу-Даби мен Нұр Сұлтаннан келген әріптестерімізбен келіссөздерді жалғастырамыз» деді Дмитрий Рогозин.

Рогозиннің түсіндіруінше, ғарышкерлер ғарышқа  2030 жылға дейін «Гагарин алаңынан ұшырылады. «Мүмкін одан кейін де. Қазір ол жерге қарапайым «Союз-2.1а» немесе «Союз-2.1б» негізін орнатамыз ба, әлде көптеген маман ұсынып отырған екі сатылы ракета бағытындағы «Союз-6» негізін орнатсақ па деген екі нұсқа бар» деді «Роскосмос» басшысы. Қайта жасақтау жұмыстары үш жылға жалғаспақ» дейді Роскосмос басшысы. 

Осы орайда Дмитрий Рогозин «Союз-6» ракетасы «Назарбаев бастауынан» сыналатынын атап өтті. Ал «Союз-6» ракетасының құрастырылып жатқандығы туралы ақпараттар жуырда ғана белгілі болған. Бұған дейін «Гагарин бастауынан» соңғы «Союз-ФГ» ракетасы ұшты деген ақпарат тараған болатын. Кейін алаң модернизациялауға жабылды.

Естеріңізде болса, Ресей президенті Владимир Путин 7 қыркүйек күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге сапары кезінде «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешеніне Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынған болатын.

Арада ай өтпей жатып Ресей жағы алмақтың да салмағы барын ескертіп отыр.