• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қазан, 2019

Мұнайлы ауданында білім саласына биыл 11 826,3 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген

164 рет
көрсетілді

Білім саласына ағымдағы жылы 11 826,3 млн теңге бөлінді (01.09.2018ж. - 8 789,6 млн тг.), бұл барлық аудан бюджетінің 53,1% құрап отыр.

Қазіргі таңда ауданда 15 мектеп және 1 лицей бар, онда 32 635 бала білім алады. Биыл 2019 жылы облыстық бюджеттен Батыр ауылдық округінен 960 орындық мектептің құрылысына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Нысан 2020-2021 оқу жылына қолданысқа берілетін болады.

Сонымен қатар ағымдағы жылы Атамекен ауылдық округі мен Басқұдық ауылдық округіндегі қолданыстағы мектепке қосымша әрқайсысы 320 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді деді Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров.

Оқушылар тасымалын болдырмау және 3 ауысымды оқытуды жою мақсатында жаңа мектептердің құрылысын бастау қажет.

Қазіргі таңда Қызылтөбе-2 тұрғын үй массивінен 1200 орындық мектеп, Маңғыстау ауылының Бесшоқы тұрғын үй массивінде 1200 орындық мектеп, Басқұдық ауылдық округінен 600 және 1200 орындық мектеп, Батыр ауылынан 1200 орындық мектеп құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамаға тапсырылған.

Рахат Тезекбайұлының мәлімдеуінше, «3 пен 6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 98,2% құрайды, ол көрсеткіш өткен жылы салыстырмалы уақытта -93,6% -ды құраған болатын.