Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы қаланы абаттандыру және қоғамдық орындарды қайта жаңғырту жоспарымен танысты.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Президентке Елорданың әлеуметтік-мәдени дамуы, көгалдандыру мен жүзеге асырылып жатқан негізгі инфрақұрылымдық жобалар жайында баяндады.