• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қазан, 2019

«Ауыл - ел бесігі» жобасы бойынша Маңғыстау ауылында 453,9 млн теңгеге 10 жоба жүзеге асырылуда

752 рет
көрсетілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мәлімдеді.

- «Ауыл-ел бесігі» жобасына 2019 жылға Маңғыстау ауылынан 453,9 млн теңгеге 10 жоба ұсынылып, мақұлданды. Олардың арасында Маңғыстау ауылындағы Жастар-ресурстар орталығының ғимаратын ағымдағы жөндеу, Маңғыстау ауылы 1,1 шақырым көше жарығын және Маңғыстау ауылы, 22 квартал ұзындығы 1,1 шақырым көше жарығын ағымдағы жөндеу, сондай-ақ Маңғыстау ауылы, Маңғыстау-4 т.м. 3,0 шақырым ВЛ-6кВ дан ГПП 110/6кВ «СКЗ» -дан КРУН -6 кВ дейін, Маңғыстау ауылының Қашаған көшесінің 4,53 шақырым ауылішілік жолын орташа жөндеу және Маңғыстау ауылының Құрманғазы көшесі, Оразмағамбет көшесі, Қашаған көшесі, Сәттіғұл көшесі, Тлеуұлы көшесі, 2,1 шақырым ауылішілік жолы мен Маңғыстау ауылының Өскінбай көшесі, 0,7 шақырым ауылішілік жолын, Маңғыстау ауылының, Есмамбет мен Шапағат көшелері 2,0 шақырым ауылішілік жолын, Маңғыстау ауылының СКЗ-ға дейінгі 3,2 шақырым ауылішілік жолын орташа жөндеу, Маңғыстау ауылының Бесшоқы тұрғын үй массивінде көше жарығын ағымдағы жөндеу жобалары бар.

Маңғыстау ауылының Шерқала тұрғын-үй массивінде жол құрылысын жалғастыру жұмыстары қолға алынбақ. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өтіп, жұмыстары басталды, деді аудан әкімі.