• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қазан, 2019

Маңғыстауда 8 айда жасөспірімдер қылмысы өткен жылғыдан 5 қылмысқа өскен

535 рет
көрсетілді

Бірақ, олардың арасында процессуалдық шешім биыл қабылдануына байланысты биылғы жыл есебіне қосылған өткен жылғы қылмыстар да бар екен.

Өңірде «Балалардың құқығын қорғау» бойынша балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамассыз ету шаралары туралы Маңғыстау облысы полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Серік  Айдаров баяндама жасады.

- Өңірде сегіз айдың ішінде жасөспірімдерге қатысты жыныстық тиіспеушілік бағытында - 14 (2018 ж. -17) дерек тіркелді. Ал осы жылдың 8 айында облыс көлемінде жасөспірімдермен жасалған қылмыс саны -58 (2018 жылы-53), өткен жылмен салыстырғанда 5 қылмысқа немесе 9,4% өсті. 58 қылмыстың ішінде 16 қылмыс (Ақтау-5, Жаңаөзен-3, Мұнайлы-2, Бейнеу-6) былтырғы жылдан өткен қылмыстар, яғни 2018 жылы жасалған 16 қылмыс, 2019 жылы тергеліп процессуалдық шешім қабылдануына байланысты статистикалық есепке ағымдағы жылға қосылды, - деді ол.

Аталған 58 қылмыс  бойынша Ақтау-15 (14), Жаңаөзен-12 (12), Мұнайлы-11 (14), Қарақия-2 (6), Бейнеу -18 (4), Маңғыстау және Түпқараған аудандарда қылмыс орын алмаған.