• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қазан, 2019

Маңғыстаулық әртістер 27-шi республикалық театр фестивалінен жүлдемен оралды

132 рет
көрсетілді

Бұл туралы Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Республикалық театр фестивалі Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналып Семей қаласында өткен болатын. Аталмыш театр фестивалінде Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театры жүлдемен оралды.

«Әлиханның аманаты» спектаклін сомдаған маңғыстаулық әртістер қазылар алқасының оң бағасына ие болды. 12 аймақтан келген театр ұжымының арасынан «Үздік ер адам бейнесі» номинациясымен Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының актеры Медғат Өміралиев марапатталды.