Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Қазанның 11-і күні Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Түрікменстан Республикасына барып, Ашхабадта өтетін ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысады», деп жазды Берік Уәли.