• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қазан, 2019

Ақтауда «Көрпе Фест» мега фестивалі басталды

311 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған фестиваль Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, академик жазушы Әбіш Кекілбайдың 80 жылдығына арналған шаралар аясында өтуде. Үш күнге созылатын шарада «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы және директоры, «Құрмет» орденінің иегері Ырза Тұрсынзада өз бизнесін бастағысы келетін көп балалы аналар мен әйелдер үшін тігін және қолданбалы өнер бойынша тегін сабақтар мен шеберлік сағатын өткізеді.

Республика бойынша өңірлер арасында алғашқы болып Маңғыстауда өткізіліп жатқан шараға 200-ге жуық қыз-келіншек қатысуда. Әйелдер мен көп балалы аналарды ұлттық бренд арқылы шағын және орта бизнеске тарту мақсатындағы фестиваль аясында жеке кәсібін бастағысы келетін қыз-келіншектер үш күн тренинг-сабақтарға қатысады. Сонан соң шеберлер қолынан шыққан көрпе, қоржын, шымылдық, қамзол, кәжекей, бесік жасаулары сынды ұлттық бұйымдар көрмесі өтеді.

- «Көрпе Фест» мега фистивалі алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласында өткен еді. Өңірлерде өткізсем деген ойым сәті түсіп Маңғыстау жерінен басталып тұр. Мен бұдан үш жыл бұрын Маңғыстауға келіп шеберлік сыныптарын өткізгенмін, сол кезде дәрісімді тыңдаған шәкірттерім үш жыл бойғы ізденістерін көрмеде көрсететін болады, яғни есеп беру деуге болады. Тренингте бұрыннан қатысып келе жатқан қыздарға күрделі дизаин тапсырмалары берілсе, жаңадан қатысушыларға технология әліппесі үйретіледі, - дейді Ы.Тұрсынзада.

 

 

Маңғыстау облысы