• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қазан, 2019

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында қоғамдық қабылдау өтті

269 рет
көрсетілді

Мұнайлы ауданында «Нұр Отан» партиясының ғимаратында қоғамдық қабылдау өтті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Азаматтарды қабылдауды Мұнайлы ауданының әкімі Р.Т.Елтизаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары С.Қаныбеков және Nur Otan партиясының Мұнайлы ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Б.Камалов жүргізді. 

Шараға «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері де қатысты.

Қабылдауға түрлі сұрақтармен 15 азамат жүгінді. Қабылдауға келген азаматтардың басым көпшілігі, яғни 8-і баспана мәселесін көтерсе, 3-уі жер мәселесін көтерген. Сонымен қатар қаржы, жұмыс сұрап келгендер де бар екен.

Баянды селосының бір топ тұрғыны тұрғылықты жері бойынша газ тартып беру мәселесін көтерсе, аудан тұрғыны Г.Бұхарбаева өзіне аманатқа қалдырылған ұлты қарақалпақ, Өзбекстан азаматы болып есептелетін баланың бүгінде құжатсыз, 22 жастағы азамат екенін айтып, шешілмеген даулы мәселеге қолұшын беруді сұрап келген.

Барлық арыз-шағымдар мұқият тыңдалып, заң тұрғысында ақыл-кеңестер берілді.

 

 

Маңғыстау облысы