• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қазан, 2019

Темір ұрлаймын деп тұтылды

335 рет
көрсетілді

Семей қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспановтың айтуынша, көп жағдайда ұрлық атаулының жалғыз себебі, меншік иелерінің сақтық танытпауларында екен. Кейде адамдар жеке заттарын қараусыз қалдыра отырып, өздерінің бейқамсыздығынан қылмыстың құрбаны болады. Қылмыстың бұл түрін ашу және ұрлық жасаған адамдарды анықтау өте қиын. Сондықтан мұндай фактілерге жол бермеу және өз мүлкін сақтау үшін барлық шараларды қабылдаған жөн.

Семейдегі М.Әуезов полиция бөліміне қала тұрғындарынан арыз түсті. Олардың айтуынша,  саяжай үйлеріне ұрлық түскен. Белгісіз күдікті «Бобровка» саяжай үйінің ауласынан металл құбырларын ұрлап кеткен. Іздестіру шараларының нәтижесінде еш жерде жұмыс істемейтін 25 жастағы тұрғын ұсталды. Қаскүнем ұрлық жасағанын түсініп, ұрланған металл құбырларын металл қабылдау пунктіне өткізгенін, ал түскен ақшаны жұмсап қойғанын түсіндірді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұсталған азаматтың саяжай үйлерінен жасалған үш ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады. Келтірілген шығын сомасы 30 мың теңгені құрап отыр. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Семей