• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қазан, 2019

Елордада өтетін сенбілікте 5 мыңға жуық ағаш отырғызылады

185 рет
көрсетілді

Экологиялық айлық аясында 12 қазанда Нұр-Сұлтанда Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне арналған республикалық ағаш отырғызу акциясы өтеді.Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаппай ағаш отырғызу акциясына Парламент депутаттары, Президент әкімшілігінің, Экология, геологяи және табиғи ресурстар министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, аудан әкімдіктері, «Нұр Отан» партиясы мен басқармалардың қызметкерлері және экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Акцияға 2600 адам үлес қосып, олардың көмегімен қалада 4 667 жасыл желек отырғызылады. Акция ұйымдастырушыларының айтуынша, компенсациялық отырғызу шеңберінде 505 тал ағаш егіледі.

Атап айтқанда, - Алматы ауданында - 427 түп ағаш, Байқоңыр ауданында 1 170 түп, Есіл ауданында 1 465 түп және Сарыарқа ауданында 100 түп ағаш пайда болады.