Бұл туралы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында жазды.
«Бүгін Түркі кеңесі VII Саммиті қарсаңында Бакуде Түркі мәдениеті және мирас қорының ғимараты ресми түрде ашылды. Керемет сәулетті ғимаратты Қор басшысы Гюнай Эфендиева арнайы аралатып, таныстырды. Қанаттас құрылымды құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледік!», деп жазды Д. Қыдырәлі.