• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 14 Қазан, 2019

Парламент Сенатының депутаттары Назарбаев Университетінде болды

326 рет
көрсетілді

Дариға Назарбаева бастаған Парламент Сенатының депутаттары Назарбаев Университетінде болды. Оқытушылар мен оқушылар сенаторларға өздерінің жетістіктері туралы айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. 

Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсудың айтуынша, студенттер өздерінің идеялары мен жобаларын түрлі мекемелер мен мемлекеттік құрылымдарға ұсынып отыр. Медицина, экология, ғылым, білім беру, қауіпсіздік салаларында ондаған ірі ғылыми жаңалықтар табысты пайдаланылып келеді.

Студенттер сенаторларға Балқаш көліндегі судың сапасы мен құрамы зертханада қалай зерттеліп жатқанын көрсетті. Жоғары оқу орнының студенттері сондай-ақ өз зерттеулері емдеу мекемелеріндегі ауыр науқастарға, оның ішінде онкологиялық сырқаттарға диагноз қоюда дәрігерлерге көмектесетінін айтты.

Сенат депутаттары университет аумағында орналасқан технопаркте де болды. Ол Назарбаев Университетінде жұмыс істейтін жоғары технологиялық инновациялық компанияларды орналастыру үшін құрылған.

Сенаторлар сандық 3D-голограмма жасаушыларымен әңгімелесті. Технология кез келген ғимаратты сандық нұсқаға көшіруге және оны сыртқы жағынан ғана емес, ішкі жағынан да 3D-сипатында егжей-тегжейлі көрсетуге мүмкіндік береді. Депутаттарға сондай-ақ топырақты мұнайдан тазартумен, ағынды суға талдау жүргізумен және тағы басқа жұмыстармен айналысатын компания таныстырылды.

Сенат депутаттары сол күні Astana Hub халықаралық технопаркінде болды. Мұнда салық жеңілдіктерін пайдаланатын 130 IT-компания жұмыс істейді. 690 стартап инкубациялық және акселерациялық бағдарламаларға қатысты.

Сенаторларға қазіргі заманғы халықаралық оқыту әдістемесі қолданылатын бағдарлама жасаудың жаңа мектебі таныстырылды. Онда студенттер бір-бірін оқытушының қатысуынсыз оқытады.

Депутаттарға сондай-ақ стартап-жобалар ұсынылды. Олардың қатарында - психологтың онлайн-кеңесі, жеке медициналық орталық, пәтерлерді жөндеу жөніндегі онлайн-сервис, төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі балаларға арналған оқу материалдары бар.

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева кездесуді қорытындылай келіп, жаңа технологияларды пайдалануды реттеу, жас кәсіпкерлерді қолдау, экономикада ғылыми зерттеулерді кеңінен пайдалануды қамтамасыз етуге қатысты бірқатар маңызды мәселелерге назар аударды.